Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3143 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 12:02

Әкім есебін сайттан оқи аласыз

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында есеп беруге міндетті үкіметті қалыптасыруды көздеп, «Ашық үкімет» жобасын енгізуді тапсырған болатын. Президент бұйрығын алғаш жүзеге асырған ОҚО әкімдігі «Ашық әкімдік» қызметін іске қосып, жаңа жоба бүгінде қарқын алып келеді.

Осы орайда аудан, ауыл әкімдері халық алдында ашық түрде есеп беріп, атқарылған жұмыстары туралы мәліметтерді ресми сайт, әлеуметтік желілерге салып, ақпаратты халыққа қолжетімді етуде. Созақ ауданының әкімі М.Исаев ағымдағы жылдың 6 айдағы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасын халық алдында айтқаннан бөлек ауданның рсеми сайтына «Ашық әкімдіктің» қағидасына сай жариялап отыр.

Аудан әкімінің есебі бойынша ағымдағы жылдың алты айының қорытындысымен ауданның  жалпы бюджетіне 43 миллиард 694 миллион 785 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 174 пайызға орындалды. 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 193 пайызға өсім бар. Бюджеттің контингент бойынша жоспары 4 млрд 580 млн 812 мың теңгені құрап, жоспар 114 пайызға артығымен орындалды. Өткен 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 78 пайызды құрап отыр.

Биылғы жарты жылдықта  жергілікті бюджетке 4 миллиард 308 миллион 586 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 115 пайызға орындалған.  Жарты жылдықтың қорытындысымен бюджеттің шығыс бөлігі 6 млрд 144 млн 908 мың теңгені құрап 99,7 пайызға игерілген. Есепті жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім 158 млрд 106 млн теңгенің өнімі өндірілген. 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 171 пайызға немесе 65 млрд 962 млн теңгеге ұлғайып отыр. 

Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 149 млрд 890 млн теңге,  ауыл шаруашылық саласының үлесі 3 млрд 825 млн  теңгені құрады.  Есепті жылдың 6 айында аудан экономикасына  14 млрд 100 млн  теңге инвестиция тартылды. 2015 жылдың есепті кезеңімен  салыстырғанда  125 пайызға%  артты.  Оның ішінде, Жергілікті бюджеттен – 1 млрд 31 млн теңгеге,  кәсіпорындардың және ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен - 12 млрд 795 млн теңге, Қарыз қаражаты есмебінен – 274 млн теңге инвестиция   тартылған.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661