Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Қоғам 2910 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 12:07

ОҚО-да бос жатқан жерге сүт фирма салып кәсіптенуде

2016 жылдың соңына дейін облыста жалпы 13 сүт тауарлы фермасын ашу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 5 ферманың нақты иелері анықталып, 2 650 бас ірі қара мал сатып алу жоспарлануда. Аталған шаруашылықтарда әр сиырдан сауылатын сүт 6000 келіні құрап, жылына 16 000 тонна сүт өндірілетін болады.

Етті бағыттағы ірі қара мал өсіру саласын дамытудың басымды бағыттары. I бағыт: аналық асыл тұқымды етті бағыттағы бұқаның ұрығын пайдалану арқылы жергілікті ірі қара малды қолдан ұрықтандыруды жүзеге асыру. II бағыт: “Сыбаға” бағдарламасымен 30 мың бас ірі қара мал алынып, асыл тұқымды етті бағыттағы бұқамен сіңіре будандастыру арқылы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылатын болады.

III бағыт: шетелден және асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан алынған төлдердің бұқалары «Сыбаға» бағдарламасына қатысушылар мен жергілікті жұртқа сатылады. Ал ұрғашы мал табынды жаңартуға пайдаланылады. Қазірдің өзінде шетелден сатып алынған 890 бас асыл тұқымды малдың саны 1600-ден асты. IV бағыт: шалғайдағы ірі қара малдың аналығын табиғи жолмен ұрықтандыру мақсатында етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалармен қамту болып табылады.

Мал бордақылаумен айналысатын 736 мал бордақылау алаңында бір айналымда 50 мың бас, екі айналымда 100 мың бас мал бордақыланса, борқылауға мүмкіндігі бар қара малдың басы 200 мыңнан асады.

Осыған байланысты қосымша мал бордақылау алаңдарын ашу қажеттілігі туындап, іс-шара аясында 10-15 басқа арналған 1151 мал бордақылау алаңын ашу жоспарланды. Сондай-ақ, селолық тұтыну кооперациясын құру жобасы ұсынылуда. Жобаны құрудың басты мақсаты — жалпы мал шаруашылығының дамуында ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашып, бордақылаумен айналысатын шаруалардың жұмысын жүйелендіріп, жолға қою. Өндірілген етті жинақтап, нарықтық ұтымды бағада сату, қайта өңдеу.

Жаңадан ашылатын тұтыну кооперациясына толық инфрақұрылымымен қосқанда қажетті қаржы көлемі — 33 миллион 477 мың теңге. «Сыбаға» бағдарламасы аясында алынған асыл тұқымды бұқаларды бордақылау арқылы өндірілген мәрмәр етті алыс, жақын шетелдерге шығару мақсатында 2016 жылы облыс көлемінде ірі базалық тұтыну кооперациясы құрылу қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661