Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4203 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 08:51

«Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық төртінші патриоттық форумы өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық төртінші патриоттық форумы өтеді. Байқауға қатысуға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 1500-ден астам студент өтініш білдірген.

Студенттік жастар форумының мақсаты жоғары патриоттық түсінігін, өз елі үшін мақтаныш сезімін арттыру және Қазақстан болашағына деген азаматтық және әлеуметтік жоғары жауапкершілікті көтеруге бағытталған.

Биылғы жылы «Мен жастарға сенемін!» төртінші республикалық патриоттық студенттік гала-форумының ақтық байқауына Қазақстанның 14 облысының 63 оқу орнынан 400 үміткердің жұмысы таңдалды. Ең дарынды студенттер  «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриоттық форумында ең үздік жұмыс авторы ретінде бақ сынасады.  

Форум аясында бір ай көлемінде «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жоба, «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығарма, «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқаулары бойынша студенттік жұмыстар қабылданды. Форумның бас жүлдесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жылдық тегін білім алу гранты.

Жобаны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыруда.

«Мен жастарға сенемін» гала форумы 29 қараша күні сағат 16:00-де Алматы қ. Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1464
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1323
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1074
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1120