Сенбі, 4 Мамыр 2024
Кеше мен бүгін 4578 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 11:54

НЫҒМАТУЛИН: НАЗАРБАЕВ - ПАРЛАМЕНТАРИЗМ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясында құттықтау сөз сөйледі.  

Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөліне тоқталды.  

-Біз 25 жылдың ішінде  барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Бұл  шынында тарихи жеңіс. Бұл  Тұңғыш Президентіміз  – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  көреген саясатының,  батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің жеңісі. Сондықтан,  25 жылдық биік белестер – еліміз үшін,  халқымыз үшін  жарқын болашаққа жол ашып отыр,-деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасының басшылығымен жеткен бұл мерейтой ел тарихынлда ерекше кезең. Қазіргі уақытта әлем алдында Қазақстанның өз беделі, абыройы, биік мәртебесі бар.

Н. Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта халық өзінің шынайы таңдауын жасады. Нұрсұлтан Назарбаевты Ел Президенті ретінде таңдай отырып, тағдырлы шешім қабылдады. Сол уақыттан бастап, Елбасы мемлекетіміздің қарқынды дамуының, Қазақстанның гүлденуінің кепіліне айналды.

Маңызды халықаралық жиынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен ҚР Сыртқы Істер министрлігі.

Форум жқмысына  Беларусь, Бельгия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, РГФ және Швеция елдерінің парламенттік өкілдері мен сарапшылары қатысуда.  

Шара үш сессияны қамтиды. Олар: «Қазақстандағы негізгі саяси және экономикалық реформалардың қорытындылары», «Қазақстан әлемдік саясатта», «Қазақстан: Келещек көкжиегі».  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1213
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1111
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 845
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 989