Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4141 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:29

ОҚО да «Essil – 760.1» комбайны жер өңдеудің рекордын жаңартуда

Соңғы модификация үлгiсiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге дәл астық жинау жұмыстарының алдында ұсынды. Осы маусымда рекордтық егiн жинау үшiн астық жинаудың қарқыны мен өнiмдiлiгiн айтарлықтай жеделдетудi, әлеуеттi және аса тиiмдi ауыл шаруашылығы техникасын талап еттi. Астықтың шығымдылығы жоғары болған жағдайларда «Essil – 760.1» нағыз құтқарушының өзi болып шықты. Trade-In науқаны бойынша өз ауыл шаруашылығы машиналарын «Essil – 760.1»-ге ауыстырған аграршылар комбайн таңдаудан қателеспегенiн, ондағы техникалық сипаттамалардың жақсарғанын қайта-қайта айтуда.

Комбайнның жаңартылған нұсқасында жаңа көлбеу камерасы және 9 текше метрге дейiн ұлғайтылған астық бункерi орнатылған. Одан басқа, астық бункерiнiң конструкциясында механикалық вибродн жетегi бар механизм қолданылған. Бұл дымқылдығы жоғары астықты орған кезде күмбез шатыс үйiлменi болдырмауға мүмкiндiк бередi. Заманауи техника өнiмдi және қолайлы. Және егiн жинау кезiндегi ысыраптың төмендеуi де аграршыларды бәрiнен көбiрек қуантты.

Егiншiлердiң бәрi техниканың басқару жеңiлдiгiн, егiстiктердегi жер танаптарының бедерi мен күрделi конфигурациясы бойынша да жұмысты сенiммен атқаратынын айтып отыр. Сонымен қатар пайдалану кезiндегi шығынның iс жүзiнде аздығы байқалды. Ал, астық бастыру аппараты ауаның дымқылдығына да сыр бермей жұмыс жүргiздi. Жаңғыртылған «Essil – 760.1» комбайны механизатор үшiн бәрiн ыңғайлы етуге, егiн жинаудың жағдайларын барынша жеңiлдетуге мүмкiндiктер бередi.

«АгромашХолдинг» көңiл қызықтыратын науқаннан және техника желiсiн толтыруда жаңа жаңартылған «ESSIL КЗС–760.1» комбайнынан басқа астық жинайтын комбайндарға техникалық қызмет көрсету мүмкiндiгiн де ойластырды. Қандай ақаулықтар болса да немесе қандай күрделi мәселелер туындаса да фермер шаруа қожалығына қызмет көрсететiн филиалдың сервис қызметiне тәулiктiң кез келген уақытында жүгiне алады. Мұндағы мамандар кеңес берумен қатар техниканы да жөндейдi, қосалқы бөлшектердi де жеткiзедi. Астық жинау науқаны оңай және табысты өтуi үшiн «АгромашХолдинг» өз үлесiн қосуға әзiр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар