Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3182 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:25

ОҚО-да 100 га жер телімі бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау - басты басымдықтағы жұмыстардың қатарында, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Таяуда, облыс экономикасының дамуына мол үлесін қосатын аталған саланың кедергісіз дамуы үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ұсынылған 19 қаулыға қол қойды. Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді. 

Атап айтқанда, күн сәулелік электростанса құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді жанар май шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын кушейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған.

Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд теңгенің 166 жобасы іске асырылуда.
Облыс әкімдігімен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың басынан әкімдіктің 66 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлердің жер беру туралы өтініштері қанағаттандырылды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен осыдан 6 жыл бұрын қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бүгінде ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқарып келеді. Сонымен қатар, шағын бизнестің өркендеуіне ықпал етіп, шикізат экспорты артуда. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар ауқымды.

Мәселен, облыс шеңберінде құрылған 11 индустриялық аймақ жұмыстары қарқында жүргізілуде. Олардың ішінде бүгінде Шымкент қаласындағы 337 га, Түркістандағы 40 га және Созақ ауданындағы 50 га болатын индустриялды аймақтарда инфрақұрылым тартылып өз жұмысын бастаған.

Abai.kz

0 пікір