Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3275 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:09

Түлкібастың биылғы түсімі қуантып тұр

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы 100 мыңнан астам халқы бар аудан. Таулы өңірде орналасқан. Табиғаты жаңбырлы. Сондықтан жыл сайын бұл өңір күздің күні өнімді де мол береді.


Мұнда әсіресе бау-бақша өнімдері көп өндіріледі. Өңір ежелден алмасымен танымал. Мұнда өсірілген алманың дәмі тіл үйіреді. Дегенмен, мұндай құнарлы өңірге тек қана алма өндіріп қана қою аз. Сондықтан соңғы жылдары ауданда түрлі бау-бақша дақылдарымен қатар, арпа-бидайды да өсіруге көңіл бөле бастады. Осы олқылықты жөндеу үшін Түлкібас ауданындағы шаруа қожалықтары мен серіктестіктерге «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мол қаражат та бөлінді. Осы қаражаттан аудандағы Түлкібас поселкелік округінде «Алтын дән» ЖШС өз үлесін алып, жұмысын қарқынды түрде дамытып келеді. 

Айта кетер жайт «Алтын дән» ЖШС өз жерінен және өзге де шаруа қожалықтары өсірген арпа-бидайдан түрлі сорттағы ұндар мен кебек шығару ісін қолға ала бастады. Бұл өңірдегі жұмыссыздық мәселесінің де шешілуіне мұрындық болып отыр. Түлкібас поселкелік округіндегі 11 743 адамды жергілікті жерден жұмыспен толықтай қамту мүмкін емес. Қазіргі таңда «Алтын дән» серіктестігі қарқынды түрде өндірген ұн мен кебекке тапсырыс жиі түседі. Көптеген шаруа қожалықтары аталған серіктестіктен үздіксіз кебек алдыртып тұрады. Олар шаруаларға кебекті жеңілдетілген бағамен босатып, шаруаларға бизнесін өркендетуге өз септіктерін тигізіп жатыр. Ал, ұнды аудан ғана пайдаланып қоймай, Шымкент, Тараз қалалары да арнайы алдыртып тұрады. Құнарлы өңірдің иглігін осылайша көрші облыстар да көріп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2009
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1993
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581