Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3062 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:38

Жағымды жаңалық: Экспорт көлемі өсіп келеді

Көптеген елдер азық түлік қауіпсіздігіне ұлттың қауіпсіздігі тұрғысынан қарайды. Сондықтан мүмкіндігінше өздерінің Отандық өнімін өндіруге, өз жерлерін тиімді игеру арқылы елін толықтай өздерінің азық-түлік, ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтуға тырысады. Бүгінгі күні елімізге шекара асып келетін ауылшаруашылығы өнімдері азайып,керсінше еліміздің экспортқа отандық ауылшаруашылығы өнімдерін көбейіп келеді.

Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысы биыл көрші Өзбекстанға 92 мың тоннадан астам астық экспорттаған. Анығырақ айтсақ, ағымдағы жылдың басынан бастап Оңтүстік Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына 92,4 мың тонна дәнді дақыл экспортталған. Облыста өсімдік шаруашылығы өнімін дамытудың маңызды бағыттарының бірі астық өсіру болып табылады.

 Ай сайынғы мониторинг жұмысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, облыста дәнді-дақылдар 121,1 мың тоннаны құраса, жыл басынан бастап 1025,1 мың тонна астық кіріске алынып, оның ішінде сатылым – 943,4 мың тонна, тұқымға – 8,5 мың тонна мен жем-шөпке-73,2 мың тоннаны құраған. Олардың негізгі үлесі 89,3 пайыз. Атап айта кетерлік жайт 92, 4 көрсеткіші өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға көп.

Астық Өзбекстан Республикасына экспортталған. Ал астықтың импорты 0,1 мың тоннаны құраған, астық Ираннан әкелінген. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысы барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін жиып теріп, қамбаларға толтырып алды. Биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектар болған. Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның үлесі - 100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның - 66 %, мақсарының - 40 %, жеміс-жидектің - 31 %, көкөністің - 24 % осы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде.


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2062
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1596