Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4191 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:40

Мақтаға мықты күтім қажет

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі мақта өсірумен айналысатын бірден бір облыс. Бір кездері мақтаға деген көзқарас төмендеп, оның көлемiн мейлiнше қысқарту керек деген ұстаным жасалды. Бұл, әсiресе, негiзгi дақылы ақ мақта болып келген мақтааралдықтар үшiн ауыр тидi. «Сәнiмiз де, әнiмiз де, нәрiмiз де – ақ мақта» деп, көз ашқалы осы дақылды өсiрiп, тiршiлiгiнiң басты қайнары санап келген «ақ алтыннан» айырылу оңай ма?

Оның үстiне елiмiз егемендiк алған жылдардан берi мақта саласына Елбасымыз үлкен қолдау жасап келедi. Мақта – тоқыма кластерi дүниеге келдi. Бүгiнгi таңда өскен шиттi мақтаның 35 пайызы облыстың тоқыма кәсiпорындарында өңделуде. Ендiгi мақсат – 2020 жылға дейiн шиттi мақтаның 90 пайызын облыстың кәсiпорындарында өңдеудi қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, шиттi мақта көлемiн 54 пайызға өсiру жоспарланған, ол 420 мың тоннаны құрайды. Бүгiнде өңiрдiң әр ауданында индустриалды аймақтардың құрылысын жүргiзу және дамыту қолға алынған. Осы орайда Оңтүстiк Қазақстан облысында 11 индустриалды аймақ құрылған, оның төртеуi Шымкент қаласында орналасқан.

Оның iшiнде, алтауы iске қосылып, онда 143 жобаны жүзеге асырып, 10 400 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мақта алқабын қысқарту мәселесi шаруалардың көңiлiне қаяу түсiрiп, еңсесiн басып жүрген кезде облыс басшысы бұл салаға оң қабақ танытып, ерекше қолдау бiлдiруi мақташылар қауымын ерекше қуантты. 

Биыл бұл аймақта 86 мың гектарға мақта өсiрiлген. Оңтүстiк брендiнiң келешегi кемел болсын десек, мақта өсiру мәдениетiн қалыптастырып, оны тиiмдi бағамен сату, тек шикiзат күйiнде экспорттамастан өңдеп, өнiм шығару, тұқымдық шиттiң сапасын жақсарту секiлдi мәселелерге баса назар аудару қажеттігі сезіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2045
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595