Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6768 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:04

Мақсары майы оңтүстіктің халқына таңсық емес

Мақсары өсімдігінің біздің елімізде өсіріліп, өнім алына бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соңғы жылдары жерсіндірілді. Одан алынатын негізгі өнім – асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан әлдеқайда арзандау болып келеді. Негізінен мақсары еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.

Мақсары – қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал тастың өзін кәдеге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Табиғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таңсық емес. Ал, аудан аумағындағы бірқатар өңірлерде көптеп өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары өсіру қолға алынуда. Бұл майлы дақылдың түсімі биыл өткен жылғымен салыстырғанда 5,1 центнер болып, 0,2 центнерге артқан. Ең жоғары түсім гектарына 7 центнер екенін ескерсек, биылғы жиналып жатқан өнім аудан үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады

Жер - байлықтың анасы, ал әкесі - еңбек болса керек. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында жеке кәсіпкер Жалғас Біләлов Шаян ауылында осы өнімді өңдейтін, май шығаратын шағын кәсіпорын ашқан. Бұл цех аудандағы қалдықсыз технологиямен жұмыс істейтін бірден-бір өндіріс орны. Мәселен, бұл кәсіпорын бір тәулігіне шамамен 8-10 тоннаға дейін шикізат өңдей алады. Онда мақсары тазаланып, оның дәні сығуға жіберіліп, май алынса, онан қалғаны мал азығына пайдаланылады. Кішігірім зауыттың өндірістік қуаты қосылған кезде мұнда 10-нан астам жұмысшы еңбек етеді. Қоймасының сиымдылығы үлкен, яғни 2-2,5 мың тоннаға дейін мақсары шикізатын бір мезетте сақтауға мүмкіндігі жетеді. Сондай-ақ шаруалардан майлы дақылдарды қабылдап немесе мақсарысын сығып, майға айналдырып беріп халыққа қызмет көрсететіні тағы бар. Алайда бұл кәсіпкер жігіт жыл бойына май өндірумен шектелмей, алдағы уақытта егістік алқаптарына мақсары егіп, оны көбейтуді көздеп отыр. Бұл зауыт жылына 1-1,5 мың тоннаға дейін өнім өңдеуге қабілетті. Дегенмен мақсары майын сығатын аппараттар да арзан тұрмайды. Олардың арысы Еуропа, берісі Ресейден сатып алуға тура келеді. Ендігі жерде бұл кәсіпкер нарықтық экономикаға байланысты майды мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндей құтыға құйып шығаруға талаптануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608