Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4571 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:06

3 миллион тонна шөп жиналды...

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді дана халқымыз. Сол айтқандай, мал баққан шаруа ала жаздай қыстық жем-шөп әзiрлеудің әрекетінде жүреді. Биылғы көктем жаңбырлы болған соң дала шөбі де бітік шықты. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған мәлiметтерге сүйенсек, биыл 3 миллион тонна шөп жинау межеленген болса, бүгінде соның 80 пайызы орындалып отыр. Аймақтардың iшiнде Сарыағаш ауданында — 324,8 мың, Сайрамда — 297,5 мың, Бәйдiбекте — 240 мың және Қазығұрт ауданында 212 мың тонна шөп шабылған.

Таулы аудандарда мал азығына жоңышқа орылса, далалы аймақтарда шаруалар шөптiң орнына жантақ шапты Арыс қаласындағы «Қостүйiн» ЖШС-нiң директоры Сағынбек Жолбарысханның пiкiрiнше, ұсақ малға одан артық шөп жоқ. Өйткенi, жантақ көп тұрған сайын оның малға пайдалы қасиетi күшейе беретiнге ұқсайды. Шөп демекшi, мал шаруашылығының дамуы тiкелей осы жем-шөпке байланысты. Құрама жем мәселесi шешiлмей, мал бордақылау, ет өндiру iсi алға жылжымайтынын айтады арыстық кәсiпкер. «Сондықтан, бұрынғы «Қазжайылым» мекемесiн қайта жандандырып, тамшылатып суару әдiсi бойынша өсiмтал шөптердi егу қажет» дейді ол. Шаруа АҚШ-та агротехнологияның күшiмен ұлтарақтай жерге түсiмдiлiгi 3 есе жоғары екпе шөптер егiп, мал азығын дайындайтынын, ал бiзде мұндай әдiс те, шаруашылық та жоқтың қасы екендiгiн айтады. «Облысқа бүгiнгi таңда 625 мың тонна құрама жем жетiспейдi. «Ордабасы құс», «Шымкент құс» секiлдi iрi кәсiпорындар шығаратын құрама жем негiзiнен үй құстарына ғана арналған. Сол үшiн бiз жақын күндерi «Оңтүстiк-Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» мамандарының ақыл-кеңесiмен 18 түрлi құрама жем шығаратын арнайы өндiрiс орнын ашқалы отырмыз», - дейдi компания басшысы.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары мал азығы сапасын арттыру үшiн алғашқы кезекте бұршақ тұқымдас өсiмдiктерге басымдық беру қажеттiгiн алға тартады. Олардың айтуынша, егiстiкте беде, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа және тағы да басқа екпе шөптердiң үлесiн арттырған жөн. Өйткенi, республикамызда шөп дайындаудың кепiлдi көзi – өзен, көл жағалауындағы шалғындар мен тау бөктерiндегi шабылмалы жайылымдар. Олардың көлемi елiмiзде бар-жоғы үш миллион гектар ғана. Бұл жерлердiң өнiмдiлiгi өте төмен, гектарына 11-13 центнерден аспайды. Ал жоғарыда аталған өсiмдiктерден мол шөп қорын дайындауға болады. Әрi олардың құрамында төрт түлiктiң ағзасына қажеттi барлық микроэлементтер бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2073
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2117
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1611