Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3441 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:17

Оңтүстіктің өнімі шетел нарығында

Соңғы жылдары Оңтүстіктің өнімдері өңір халқына қоса көрші мемлекеттерге де экспортталуда. Мәселен Қазығұрт ауданына қарасты «Аманкелді» ЖШС-і 150 тоннаға жуық жүзімді көрші елдерге экспорттауда. Серіктестікте 275 гектарға алма, 88 гектарға шабдалы, 31 гектарға шие, 94 гектарға алхоры, 25 гектарға өрік, 17 гектарға алмұрт, 115 гектарға жүзім егілген.

«Бұл тамшылатып суғару әдісін қолданатын серіктестік жұмысының бір бағыты ғана. Биыл 150 гектардай жерге егілген жүзімді баптау оңай болған жоқ» – дейді серіктестік басшысы Нұрлан Құралов. – «Ауа райы қолайсыз болғандықтан, өсімдікті аурудан аман сақтау үшін зиянкестерге қарсы бірнеше рет дәрілеуге тура келді. Соның нәтижесінде жақсы өнім алынуда. Жүзімдер Алматы, Астана сияқты ірі қалалар мен бірге, еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Ал, қазір Ресейдің Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург сияқты қалаларына экспортқа жіберіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 150 тоннадан астам жүзім, 100 тоннаға жуық алма, сондай-ақ, шабдалы, кива, алмұрт, алхоры сияқты өнімдерэкспортталды. Аудан орталығынан, Қызылқия, Қақпақ, Қызылтаң ауылдық округтері бойынша 300-ден астам адам еңбек етуде. Қазір шаруашылықтың 2 мың тонналық көкеніс сақтау қоймасында мың тоннаға дейін өнім қойылып сақталуда. Ондағы мақсат – жергілікті нарықты жыл бойына балғын күйінде сақталған жеміспен қамтамасыз ету», - дейді шаруашылық басшысы Нұрлан Құралов мырза. 

Жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін өзге елдерден жеміс жидек пен көкөністің сан түрін тасып келдік. Енді сол кеткен есені қайтаратын кез жеткендей, шаруаларымызға тек табыс тілейміз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2065
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1607