Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2762 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:34

Кәсіпкерлер үшін көмектің үлкені – жеңілдетілген несие

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ырыс» микроқаржы ұйымынан несие алып, шаруасын дөңгелетiп отырған кәсiпкерлердiң саны күн санап артып келедi. Ұйым соңғы жетi жылда жалпы құны 19,9 млрд. теңгенi құрайтын 12 645 жобаны қаржыландырған екен. Соның нәтижесiнде облыс бойынша 11 087 адам жұмыспен қамтылған.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ұйымның несие портфелi 7,3 млрд. теңгенi құраса, биыл осы мерзiмге дейiнгi көрсеткiш 7,8 млрд. теңгеден асып отыр. Оның 80 пайызы мал шаруашылығын, 15 пайызы егiн шаруашылығын, 5 пайызы басқа да кәсiп түрлерiн дамытуға берiлген.

«Ырыс» микроқаржы ұйымынан несие алған жобалардың қатарында Ордабасы ауданының Төрткүл елдi мекенiнде мақта шаруашылығымен айналысатын «Байарыстан» шаруа қожалығы бар. Шаруашылық үш жылдан берi жеңiлдетiлген пайызбен несие алып, кәсiбiн жандандырып келедi. Қожалық мақта өсiру үшiн биыл 2,8 млн. теңге несие алған. Жоспар бойынша жыл соңына дейiн 90-100 тонна шиттi мақта жинауды жоспарлап, қойған межелеріне жетті.

Ұйымның ерекше атап өтетiн жобаларының бiрi – жеке кәсiпкер Ш.Пiрiмқұлов ашқан жылыжай. Кәсiпкер 2009 жылы жеңiлдетiлген пайызбен «Ырыс» ұйымынан 8 млн. теңге несие алған. Нәтижесiнде 0,35 гектар жерге жылыжай құрылысын жүргiзiп, бүгiнде кәсiбiнiң жемiсiн көруде. Ал, 2013 жылы тағы 12 млн. теңге несие алып, жылыжай аумағын 1,2 гектарға ұлғайтқан. Соның нәтижесiнде қазiр жылыжайдан 150 тонна қызанақ, 100 тонна қияр өндiрiп отыр. Кәсіпкер жылыжайдан алған өнімдерін еліміздің ірі қалаларына жөнелтіп отырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572