Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 9 Қыркүйек, 2010 сағат 07:35

Еліміздің солтүстігі өртеніп жатыр!

Кешеден бері еліміздің солтүстік облыстарынан суыт хабарлар келіп түсуде. Павлодар облысының орманшылықтарында болған ірі өрттер нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы мерт болыпты. Бірнеше облыстың ормандары мен далалы алқаптары өртке оранып жатыр деп хабарлайды Қазақ ақпарат агенттігі.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қыркүйектің 8-і күні 11 сағат 25 минутта Шарбақты ауданы, «Ертіс-орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің Шалдай филиалына қарасты Первомайский орманшылығында өрт болды. Аумағы 1 мың гектарды құраған жалын Ресей Федерациясының аумағына да өткен. Нәтижесінде Байымбет ауылының 25 тұрғыны Шоқтал ауылына көшірілді. Төтенше жағдайды жоюмен Павлодар облысы бойынша ТЖД-ның 71 адамы мен 16 техникасы, сондай-ақ Первомайский орманшылығының 68 адамы мен 25 техникасы және жергілікті 120 тұрғын айналысты.

Бұдан кейін, түскі сағат 15.25-те «Ертіс-орманының» Бесқарағай филиалындағы Көкжал орманшылығында өрттің екінші ошағы анықталды. Оның аумағы 2 мың га құрады. Жабағалы ауданынан Шығыс Қазақстан облысының Беген ауылына 174 адам көшірілді. Тілсіз жау салдарынан 19, 33 және 51 жастағы азаматтар оқиға орнында көз жұмды. 46 және 59 жастағы ерлер өртпен күресу барысында ажал құшты. 56 жастағы тағы бір азаматша күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Кешқұрым, сағат 17.30-да осы Бесқарағай филиалына қарасты Майқарағай орманшылығында өрттің үшінші ошағы шықты. Ол жергілікті халықтың күшімен 17 сағат 50 минутта ауыздықталды.

Аймақаралық сипаттағы орманды-далалы өрттерді жою жоспарына сәйкес, отпен күресуге жақын маңда орналасқан өңірлерден ҚР ТЖМ-ның құрылымдары, авиациясы («Қазавиаспастың» 2 тікұшағы) мен Ресей Федерациясының авиациялық тобы сондай-ақ, «Қазақстан темір жолының» үш өрт пойызы (43 адам) мен 2 техникасы; ҚР ІІМ-нің 293 адамы (соның ішінде 190 әскери қызметкерлер) мен 8 техникасы; ҚР Қорғаныс министрлігінің 157 адамы мен 9 техникасы және 2 тікұшағы аттандырылды.

Кеше Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы Құрқопа ауылында 500 га далалы алқап өртке ораныпты. ҚР ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, от сәрсенбі, қыркүйектің 8-і күні 11 сағат 20 минутта шыққан. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының және жергілікті 30 тұрғын мен олардың 4 техникасының күшімен 20.08-де тоқтатылып, екі сағаттан кейін толығымен ауыздықталды.

Қыркүйектің 9-ы, түңгі сағат 2.10-да Қарағанды облысында сондай-ақ, Ұлытау ауданы, Ақтас ауылдық округіне қарасты Ақтас ауылының маңындағы далалы жерде осыдан екі күн бұрын тұтанған өрт толығымен жойылды. Оған облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы, жергілікті 17 тұрғын мен 7 техника жұмылдырылды.

Сәрсенбі күні Павлодар облысының орманшылықтарында болған өрттер Шығыс Қазақстанның ормандарына жайылды. Өрт қыркүйектің 8-і күні кешқұрым, Бесқарағай ауданы, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты»  мекемесінің Жаңа-Семей филиалына қарасты Бегенев орманшылығының Павлодар облысына таяу далалы алқабында болды. Жалынның шарпыған аумағы 400 га құрады. Салдарынан Жандос ауылынан Беген ауылына 64 адам, сондай-ақ осы ауылға Павлодар облысының Жабағалы ауылынан 174 адам көшірілді.

Төтенше жағдайды жоюға ШҚО бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 82 адамы мен 21 техникасы, жергілікті 83 тұрғын мен олардың 23 техникасы жұмылдырылды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632