Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Не дейді?! 6540 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 11:21

САРГСЯН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕАЭО-ДАН ШЫҒАРЫП ТАСТАУДЫ ҰСЫНДЫ

Армения Президенті Серж Саргсян Қазақстан мен Белоруссияны ЕАЭО мен ҰҚКҰ-дан шығарып тастауды ұсынды деп хабарлайды «Вестник Кавказа» басылымы.

Армения мен Әзірбайжан арасында таласқа түсіп жатқан Таулы Қарабақ жанжалына қатысты Ресейдің саяси элитасы шешім шығарып, дауға араласуға бекінгені белгілі. Тіпті араласпасақ ұят боладыға басып, мәселені шешуді Ресейдің ең басты міндеттерінің тізіміне кіргізген екен.

Ал  армениялық саяси сарапшы Манвел Саргсян БАҚ-қа берген сұхбатында бұл бастаманы қолдап, егер аталған екі ел одақтан шығатын болса, Арменияның Айы оңынан туатынын айтыпты.

Қазақстан мен Белоруссия Таулы Қарабақ жанжалында Арменияның позициясын қолдамаған болатын. Сол үшін сес көрсеткен сыңай танытып, Серж Саргсян осындай қадам жасап отырғанға ұқсайды.

Манвел Саргсянның сөзіне назар аударсақ, ЕАЭО-да Армения мен Ресей ғана қалуы керек екен. Оның үстіне Арменияның РФ армиясына қарсы тұра алатын қауқары да бар көрінеді.

«Егер ЕАЭО мен ҰҚКҰ-дан аталған екі елді шығарып тастайтын болсақ,  бұл Армения үшін өте пайдалы болмақ. ЕАЭО-да Армения  мен Ресей ғана қалады. Ал ҰҚКҰ-ға келер болсақ, Қазақстан мен Белоруссияның жағдайынан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан тиісті шешім қабылдайтын болады. Әсіресе, Таулы Қарабақ мәселесінде Армения дипломатиясымен келіседі әм қолдайды»,-дейді Саргсян.

Оның үстіне Александр Лукашенко Әзірбайжан басшылығынан арнайы марапат алған екен. Бұл туралы да сарапшы айтып отыр.

«Армения үнсіз қалмауы керек. Керісінше Лукашенко ендігәрі Әлиевтен медаль аларда жүз ойланып, мың толғанатындай жауап берілуі тиіс»,-депті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО саммитіне бармай қойғаны да армениялық сарапшылар мен Серж Саргсянды алаңдатып отырған сыңайлы.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, пайдасынан пәлекеті көп осы бір одаққа ресми билік болмаса, қазақстандықтардың құлшынып тұрғаны шамалы. ЕАЭО мен КО әм ҰҚКҰ тұсындағы Қазақстанның экономикалық ахуалы туралы осыған дейін сан мәрте жазған болатынбыз.

Ал Таулы Қарабақ мәселесі қайта тұтанған 2015 жылы араздасқан екеу Қазақстан Президентінен арағайындық жасауды сұраған болатын. Назарбаевтың бітімгерлік миссиясын ТМД түгілі Дүниежүзі елдерінің басшылары мойындайтыны жасырын емес. Сондықтан да Қарабақ қырқысына қатысты Назарабевтың пікірі маңызды болды. Бұл мәселеде жоғарыдағы аталған ұйымдарды сылтау еткен Армения Назарбаевтан Армения пайдасына шешілетін шешім күтті. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы сонау 2014 жылы-ақ, ЕАЭО-ның Мәскеуде өткен жиынында Таулы Қарабаққа қатысты позициясын ашық айтып, Қарабақты Әзірбайжанға қайтарып беруді талап етті. "Өйтпеген жағдайда Армения одаққа кіре алмайды" деп сөздің ашығын да айтқан болатын. Одан кейін де екі жыл өткенімен, позиция өзгермеген секілді. Себебі, ЕАЭО-ның Ереванда өткен соңғы екі жиынына Нұрсұлтан Назарбаев бармай қойды. Бұл да Саргсянды біраз сарсаңға салған екен, ақыры ол Қазақстанды қос одақтан біржолата шығарып тастауды сұрапты.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126