Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 9 Қыркүйек, 2010 сағат 06:13

Ермұрат БАПИ. «ӘБСЕ»

Қазақ көшінің басында алды-артына қарамай, қайқайып бара жатқан көкем жуықта жаңа бір жұмбақты жұтылдырмай тастады. Парламенттің ашылу сессиясында аңқиып-маңқиып отырған депутаттарды қайдам, мен шашалып қала жаздадым.

Сондағы сөздің нобайы мынадай: «ОБСЕ»-нің Астанада өтетін саммиті «Қазақстанның әлем алдындағы беделін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге елдің дамуына екпін береді, Қазақстандағы бірлік пен патриотизмді одан ары нығайтады».

Бір қарағанда, жаман сөз емес. Дүңкиіп отырған депутаттар сияқты дүркіретіп қол соғуға болады. Менің Уәлихан жездемнің, - депутат Қалижановты айтам, - осы сөзге құшырланып соққан қолы қирап қала жаздады. Мадинов та шапалағы шашылып қалғанша ұрды. Бұрын-соңды мұндайды естімеген адам сияқты: жан-жағына алақ-жұлақ етіп, мен қалай ұрам дегендей, былшылдатты-ай келіп. Ал Орал-скипердің ұрысы - боран: көшбасшы көкемнің ту сыртынан қос құлағын желбіреткен «сквознякты» желдетті. Енді болмаса, екі езуі желке тұсынан қосылардай мәз.

Бірақ мен грамм түсінбеймін: бұл жиын елдің дамуына қалай екпін бермек; ол екпін қай қуыстан шығады; ұйымға мүше елдердің басшылары Астанаға ақша арқалап әкеле ме? Желтоқсанның желінен тығыларға тесік таппай, Тарбағатайдың тақыр жотасында сиыр бағып жүретін Марат ағама ол дамудан сыңар етігіне жағатын май бұйыра ма?

Түкке түсінбеймін: жиынды біз өткіземіз, тайлы-таяғымыз қалмай, аязды Астананың қар басқан көшелерін мысық жалағандай етеміз, шашыламыз, шаршаймыз - сол екпіннен етпетімізден түсеріміз рас. Ал жиынға жиналғандар келіп-кеткеннен қандай даму екпіні пайда болады?  Ұққым келеді-ақ, бірақ ұқпаймын.

Айтпақшы, бұл саммит біздің «бірлік пен патриотизмді» қалай нығайтатыны тағы да түсініксіз.  Көрінген жерге бүктемей тыға беретін «бірлігін» білмеймін, ал «патриотизмі» понятно - мақтануымыз керек: бұрын-соңды мұндай саммитті кім өткізді деп; кеуде қағуымыз керек: біз дүниенің алдында зытып бара жатырмыз деп. Сонда Алматыға жұмыс іздеп келіп, Сейфуллин көшесін торып жүрген жұмыссыз жігіттер «патриотизмді» періп тастамай ма? Үкіметтен үміті үзіліп, ереуілге шыққан үлескерлерді түрмеге сүйреп апаруға болар, бірақ оларды «патриотизмге» сүйресең, жолай ма? Базарда тәшкі сүйретіп жүрген кешегі «МТМ»-ның шырт түкірген механигі Меңдібайға «патриотизм» артық па, жоқ әлде мектепке кетіп бара жатқан баласының сөмкесіне салып жіберер бір «пирожкиі» қымбат па? Большой вопрос!

...Бір жиында Мұхтар аға да, - Шахановты айтам, - сөз сөйледі. «Бізге әбсе қажет пе, әбседен бізге қайыр жоқ!»- дейді Мұқаң. Біз тұрмыз ағамыздың «әбсесіне» аузымызды ашып. Жиын соңында сұраймын: «Аға, «әбсе» дегеніңіз не?» - деп. Мұхтар аға өзіне-өзі ырзалықпен жымиып алды да: «Ол- «ОБСЕ» дегенім, төрағасы Саудабаев болған соң, бұл ұйымда қайлақылық қадір қалды ма дегенім ғой...».

Сөйлеу екпінін өзгертіп, бір сөзге біраз әңгіме сыйғызған ағамның тапқырлығына разы болдым. Бұл енді, шынында да, екпін: тым болмағанда күлдіреді.

Ермұрат БАПИ

«Общественная позиция» газеті (проект «DAT» № 31 (68) 08 қыркүйек  2010 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608