Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2597 0 пікір 7 Қыркүйек, 2010 сағат 06:50

Солтүстік Қазақстанның прокуратурасы жасырылған 102 қылмысты есепке алды

Петропавл. 7 қырқүйек. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) прокуратурасы 8 айда жасырылған 102 қылмысты анықтап, есепке алды, өткен жылдың сәйкес кезеңінде жасырылған 90 қылмыс анықталған болатын. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне СҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«8 қылмыс ауыр қылмыстарға, қалғандары орта және ауыр емес қылмыстар санатына жатады», - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Прокуратура өкілдерінің атап көрсетуінше, қылмыстар оңалту негіздері бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы заңсыз қаулы шығару арқылы жасырылады, қылмыстар туралы арыздар мен хабарлар бойынша ұзақ уақыт бойы шара қолданылмайды.

«Көп жағдайда қылмыстық тергеу органдары тонау, алаяқтық фактілері, ұрлық сияқты ашылуы қиын қылмыстарды жасырады», - деп хабарлайды қадағалаушы органның баспасөз қызметі. - Ұрлық бойынша материалдарда ұрланған бағалы мүліктің құны қасақана түрде төмендетіліп көрсетіледі немесе келтірілген залалдың көп емес екені айтылады».

0 пікір