Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 19:01

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А.ЕСІМОВ мырзаға

2010 жылдың 22-қыркүйегінде қазақ тілінің - Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 21 жыл толмақ. Сондықтан, біз - төменде қол қоюшы қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қайраткерлері, мерзімді басылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері Конституциялық құқықтарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Бейбіт шерулер туралы» Заңына сәйкес, 2010 жылдың 19 қыркүйегінде, (жексенбі күні) Алматыда «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» өткізуді ұйғардық. Осы мәселенің оңтайлы шешілуіне қол ұшын беруіңізді сұраймыз.

2010 жылдың 22-қыркүйегінде қазақ тілінің - Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 21 жыл толмақ. Сондықтан, біз - төменде қол қоюшы қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қайраткерлері, мерзімді басылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері Конституциялық құқықтарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Бейбіт шерулер туралы» Заңына сәйкес, 2010 жылдың 19 қыркүйегінде, (жексенбі күні) Алматыда «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» өткізуді ұйғардық. Осы мәселенің оңтайлы шешілуіне қол ұшын беруіңізді сұраймыз.

Акцияның мақсаты: Қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген 21 жылдан бері Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмады. Қанша рет мәселе көтерсек те әлі күнге дейін Мемлекеттік тіл туралы заң  қабылданған жоқ. Билік жетістік ретінде бағалаған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да негізгі мәселелер кейінге ысырылып, біздің талап-тілектеріміз тағы да ескерусіз қалуда. Бұл күнде Елбасы айтқандай халқымыздың тең жарымынан астамы өз ана тілінде оқып, жаза алмайтын жағдайға жетті. Егер мәселені осылайша сөз бұйдаға сала берсек, бұл көрсеткіштің тағы да өсе түсетіндігі күмәнсіз. Акцияны өткізудегі басты мақсатымыз осы бағытта адасып жүрген жас өскіндерге, өзге де республика жұртшылығына ой салу, оларды Мемлекеттік тілді сыйлауға, сүюге баулу.

Акцияның пішіні - Бейбіт жиын. Акция барысында елімізге белгілі әншілер елдік, халықтық мүддеге және тілге байланысты әндерді орындайды.

Акция орны - Алматы қаласының Астана алаңы немесе Ғалымдар Үйі алдындағы Ш.Уәлихановтың ескерткіші орналасқан алаң.

Акция уақыты - 19 қыркүйек, 2010 ж. Басталуы: 12-00, аяқталуы: 15-00.

Жауапты дәнекерші - «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының мүшесі Тұрғынов Еркінбек Серікбайұлы. Телефондары: 397-58-13, 8-702-909-93-99

М.ШАХАНОВ, «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының және тіркелмеген «Халық рухы» партиясының төрағасы; Ғ.АЛДАМЖАРОВ, Қазақстан Коммунистік партиясы орталық атқару комитетінің бірінші хатшысы; Ә.ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның атынан партияның бас хатшысы; В.КОЗЛОВ, «Алға!» (ДВК) ХП-ның үйлестіру комитетінің төрағасы; Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; Д.БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері, «Болашақ» газетінің бас редакторы; Н.ОШАНБЕКОВ, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары; А.ОСМАН, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени-орталығының төрайымы; Т.РЫСҚҰЛБЕКОВ, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы; Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Р.АЙЫПҰЛЫ, «Жебеу» РҚБ орталық атқару кеңесінің директоры; Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; М.ТАЙЖАН, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті; Д.ТҰРЛЫБЕК, халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.МАМАЙ, «Қазақстанның жалпыұлттық патриоттық қозғалысы» республикалық бірлестігінің атқарушы хатшысы; М.БӨТЕЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті; А.САРЫМ, саясаттанушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі; З.БАТТАЛОВА, «Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қорының төрайымы; Р.ТАУКИНА, «Журналисттік көзқарастарды құқықтық қорғау» қорының президенті; Б.ЕРҒАЛИЕВА,

Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары; К.ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; С.САПАРҒАЛИ, «Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Б.ТӨРЕҒОЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қозғалысының төрайымы; Ы.ДӘБЕЙ, «Алаң» әдеби бірлестігінің төрағасы; К.Тәлімұлы, Алматы облысы Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Е.РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Ж.Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Ж.АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық қорының төрағасы; Т.ІРГЕБАЕВ, «Қабанбай батыр» атындағы қордың төрағасы; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Е.Бапи, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Д.ИСАБЕКОВ, «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қ.ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы ән фестивалі дирекциясының директоры, «Шәмші» журналының бас редакторы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Ұ.Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы; Қ.ИСА, «Жас Қазақ» ТГР ЖШС директоры, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; М.Тоқашбаев,

«Президент және халық» газетінің бас редакторы; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы; Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы; Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Д.Қуат, «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы; Ө.АҚЖІГІТ, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы; М.СИЗОВ,

«Алға» газетінің бас редакторы; Б.АТАБАЕВ, «Ақсарай» мюзикл театрының көркемдік жетекшісі; Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; С.ЕЛУБАЙ, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; А.ҚОҚАЕВА, «Бәйге» Қазақ Ұлттық Интернет Жүлдесі дирекциясының төрайымы (baigе.kz).


Р.S. Қойылған қолдарының түпнұсқасы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысында сақтаулы. (Пушкин көшесі 2 үй, 6-қабат, 601-бөлме).

 

0 пікір