Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2654 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 07:14

Балқаш көлінде осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен балықшылар табылмай отыр

Қарағанды. 6 қырқүйек. ҚазТАГ - Балқаш көлінде осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен балықшылар табылмай отыр, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғанындай, 18 және 20 жастағы жігіттер 3 тамызда сағат 19-да Балқаш қаласынан 90-100 шақырым жердегі Тасарал ауылдық округының Ақтөбе-Қарағаш ауданына балық аулауға кеткен. «4 тамызда облыстық ТЖД-ға екі балықшының жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті. 8 қайыққа мінген жергілікті тұрғындар іздестіру шараларына 4 тамыз күні таңғы сағат 8-ден бастап кіріскен. 8 сағат 20 минутта 53898 ә/б жаттығу ұшағымен аумақ әуеден тексерілді», - дейді ведомстводағылар.

ТЖД мәліметтеріне сәйкес, жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шараларында Қарағанды облыстық ТЖД-нің Балқаш қ. судан құтқару станциясының «Орион» құтқару катері пайдаланылып отыр. 5 тамызда «Қазавиақұтқару» РМК тікұшағы тартылды. Балқаш көлінің акваториясы мен жағалауы әуеден тексерілді. Тексерілген аумақ 700 шақырымды құрады. Жоғалған балықшылар табылған жоқ.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, судағы іздестіру шараларын ауа райының қолайсыз жағдайлары қиындатып отыр. Жоғалған балықшыларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

0 пікір