Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 07:12

«Атамекен» қаржылық емес эмитенттерді қайта құрылымдауға тыйым салатын ҚҚА қаулысының күшін жоюды сұрады

Алматы. 6 қырқүйек. ҚазТАГ - «Атамекен» одағы ҚР президентінің әкімшілігі мен бас прокуратурасына ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) қаржылық емес эмитенттердің облигациялық займдарын қайта құрылымдауға тыйым салатын қаулысының күшін жою туралы өтініш жолдады.

«Биыл көктемде «Атамекен» одағы ҚР қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың мүддесі үшін облигациялық займдарды қайта құрылымдау процедураларын жеделдету мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеген болатын. Бұл ұсыныстар ҚР парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің басшылығымен алдын ала  талқыланды. Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметіне сәйкес, ҚҚА да бұрын осындай бастама көтерген», - делінген «Атамекен» одағының дүйсенбі күні таратқан үндеуінде.

Құжатқа сәйкес, нақты сектордағы кәсіпорындардың қарыздарын қайта құрылымдау мүмкіндігі «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңында, Қазақстандық қор биржасының листингтік ережелерінде және ҚҚА-ның 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170,  2008 жылдың 26 мамырындағы №77, 2005 жылдың 30 шілдесіндегі № 269 қаулыларында қарастырылған болатын.

Алайда ҚҚА-ның 2010 жылдың 25 маусымындағы №87 қаулысымен 2005 жылдың 30 шілдесіндегі № 269 қаулысына өзгертулер енгізілді, онда қайта құрылымдау түсінігі алынып тасталған, қаржылық емес ұйымдардың эмитенттері үшін облигация шығару проспектісіне өзгертулер мен толықтырулар тәртібі де алынып тасталған.

Үндеуде атап көрсетілгендей, осылайша қаржылық емес ұйымдар облигациялық займдар бойынша қарыздарын қайта құрылымдау құқығынан айырылып отыр.

«Бұл әдіс облигациялары бойынша дефолтқа жол берген өнеркәсіп кәсіпорындарының бәрін тығырыққа тірейді. Бірқатар банктер мен қаржы құрылымдарының қарыздарын қайта құрылымдау жүзеге асырылғанда бұл шешім өндірістік компаниялардың заңды мүдделерін шектеу бар екенін көрсетеді», - делінген үндеуде.

KASE-нің мәліметтеріне сәйкес, еліміздің индустриалды дамуы үшін жүйе құраушы маңызы бар «Азия Авто» АҚ, «Vita» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ сияқты өнеркәсіптің өңдеуші саласындағы озық кәсіпорындардың бірқатары осындай жағдайға тап болған.

«Бірқатар жағдайда оларды қайта құрылымдау құқығынан айыру қарыздарды өндіріп алу бойынша сот процедураларын бастау мәселесін көтеруге мәжбүрлеп, компанияларға банкротқа ұшырау қаупін төндіреді», - делінген құжатта.

Қалыптасқан жағдайға байланысты «Атамекен» Одағы» ҚР президентінің әкімшілігіне және бас прокуратураға экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың мүдделерін қорғау және ҚҚА басқармасының 2010 жылдың 25 маусымындағы аталған қаулысының күшін жою туралы өтініш жолдады».

0 пікір