Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2692 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 07:07

Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII-ші форумы өз жұмысын бастайды

Өскемен. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Әділ Орманов. Өскеменде дүйсенбі күні Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII-ші форумы өз жұмысын бастайды. Қазіргі өтетін кездесудің тақырыбы - «Тұрақты даму мен жоғары технодлогиялар саласындағы ынтымақтастық». Сейсенбі күні алқа отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Дмитрий Медведев қатысады.

ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен ҚазТАГ-қа хабарлағандай, форумның негізгі тақырыбы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылыққа (ТКШ) инновацияларды енгізу, агроөнеркәсіптік кешенді, туристік саланы, көлік инфрақұрылымды, ғылым мен технологияны дамыту, атом қуаты мен өнеркәсібі саласындағы перспективаларды талқылау болмақшы. Бұл мәселелер екі елдің бизнес-қауымдастығы, ғылым мен жетекшілік ететін министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен тақырыптық алқа отырысытарында талқыланатын болады. Сондай-ақ ҚР құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік пен ресейлік «ТКШ-ті реформалауға көмек көрсету қоры» мемлекеттік компанияның бірлесіп ұйымдастырған «ТКШ-те инновациялар мен қуат үнемдегіш технологияларды енгізу. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамытудың преспективасы» атты конференция өтеді.

Форум аясында Қазақстан Ресей тауар өндірушілерінің «Тұрғынүй коммунальдық шаруашылықтағы инновациялық технологиялар» мен «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары» тақырыбындағы көрмелері өтеді. Форумда барлығы 800-ден астам адам қатысады, көрмелерге қазақстандық 53 және ресейлік 70 кәсіпорын қатысады.

Шара аяқталған соң меморандумдарға, ынтымақтастық туралы келісімге және нақты жобалар бойынша келісімшарттарға қол қою жоспарлануда.

Олардың арасындағы басымдарының бірі - Орал өзеніне қатысты бірлескен халықаралық қор құруды қарастыратын траншекаралық су нысандарын бірлесе пайдалану мен сақтау жөніндегі үкіметаралық келісім. Сарапшылардың мәліметтерінше бұл өзеннің су ағымы жыл сайын азайып бара жатыр. Бұл Қазақстанның батыс өңірінің экономикасына да, сондай-ақ өзеннің төменгі сағасы мен Каспийдің солтүстік бөлігінің экологиясына теріс әсер етуі мүмкін.

Одан басқа, Имашев трансшекаралық газконденсаттық кенішін бірлесе барлау мен геологиялық зерттеу бойынша қол қойылатын келісімшарт дайындалуда. Бұл екі мемлекеттің де территориясында орналасқан  игерілмекші болып жатқан газконденсаттық кеніш.  Имашев газконденсаттық кеніш ресейлік Астрахан облысы мен қазақстандық Атырау облыстарының тоғысында орналасқан. Оның қоры 128,7 млрд текше метр газ бен 20,7 млн тонна газ конденсаты деп бағаланып отыр.

Форум өзінің жұмысын сейсенбі күні, 7-ші қыркүйекте кешкісін аяқтайды.

ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараттық баянда атап көрсетілгендей, «форум Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының тығыз іскерлік қарым-қатынасын қалпына келтіруге, өнеркәсіпте ресурстарды үнемдеудің, табиғатты аялайтын әлемдік технологияларын пайдалану арқылы экологиялық саясаттың қалыптасуына, бизнес пен биліктің экономикалық өрлеуде, экономиканың бәсекелестік пен халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз етуде сындарлы ынтымақтастығы жөніндегі мәселелерді шешуде септігін тигізеді».

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен шекара аралық өңірлерінің басшыларының алғашқы форумы 2003-ші жылы Омбыда өткен. Екіншісі 2005-шы жылы мамырда Чеябіде, үшіншісі - 2006-шы жылы Оралда, төртіншісі - 2007-ші жылы қазанда Новосібір облысында, бесіншісі - 2008-ші жылы қыркүйекте Ақтөбе облысында, алтыншысы - 2009-шы жылы қыркүйекте Орынборда өтті. Орынбор форумының қорытындысында Екібастұз МАЭС-2-нің үшінші блогының құрылысы мен пайдалануы туралы; ресей-қазақстан шекарасындағы бірлескен бақылау туралы; әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеп және іске асыру туралы  маңызды келісімшарттарға қол қойылған.

0 пікір