Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3401 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 10:27

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойын шалғайдағы ағайындар да сезінуде

Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Өнерім саған – ауылым» 25 гастрольдік сапары мен «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» жобасының басталғаны белгілі. Аталған жобалар аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, «Оңтүстік-Цирк», «Оңтүстікфильм» мекемелері мен облыстық кітапханалар өңіріміздің түкпір-түкпірін аралауда.

Бүгінге дейін «Өнерім саған - ауылым» гастрольдік сапарымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының өнер майталмандары Түлкібас ауданының Машат ауылына, облыстық қуыршақ театры Сайрам ауданының Ынтымақ ауылына, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Сарыағаш ауданының Тегісшіл, Таскескен, Жартытөбе, Төңкеріс, Қапланбек ауылдарына, Түркістан қаласының сазды-драма театры Кентау қаласына гастрольдік сапарларын ұйымдастырып үлгерсе, «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылындағы кездесумен жалғады.

Осылайша, әр мәдениет және өнер мекемесі облыстың барлық аудандарындағы 25 ауылға тоқтап, әр аялдамада спектакльдер мен концерттік, цирктік бағдарламалар, кездесу кештерін өткізуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасын табатын жобалар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қорытындыланады.

 

«ӨНЕРІМ САҒАН – АУЫЛЫМ» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және «КІТАПХАНАЛЫҚ КЕРУЕН – 25 АУЫЛҒА» жобасының ҚАЗАН айына арналған жоспары:

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры

6-7.10.2016 ж.

А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісі, Е.Қойбағаровтың «Бала мен қайыршы» драмасымен Арыс қалалық мәдениет сарайында, Ақдала, Бірлік ауылдарында.

20-21.10.2016 ж.

А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісі, Е.Қойбағаровтың «Бала мен қайыршы» драмасымен Отырар аудандық мәдениет сарайында, Дермене ауылдық мәдениет үйінде.

27-28.10.2016 ж.

М.Байджиевтың «Тіл табысқандар» комедиясы, А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісімен Ордабасы аудандық мәдениет сарайында, Шұбар ауылдық мәдениет үйінде.

 

Облыстық орыс драма театры

13.10.2016 ж.

Н.С.Надеждина-Еленевскаяның «Сказка об Иване-царевиче и сером волке» ертегісімен Сайрам ауданы Сайрам ауылында.

22.10.2016 ж.

Н.С.Надеждина-Еленевскаяның «Сказка об Иване-царевиче и сером волке» ертегісімен Төлеби ауданы Леңгір ауылында.

25.10.2016 ж.

Н.С.Надеждина-Еленевскаяның «Сказка об Иване-царевиче и сером волке» ертегісімен Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылында.

26.10.2016 ж.

Н.С.Надеждина-Еленевскаяның «Сказка об Иване-царевиче и сером волке» ертегісімен Сайрам ауданы Ақсукент ауылында.

 

Облыстық қуыршақ театры

03.10.2016 ж.

О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» қойылымы, Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы А.Құрмантаев мектебінде. Сағат 11.00, 13.00, 15.00

05.10.2016 ж.

С.Маршактың «Теремок» қойылымы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы М.Горький атындағы мектеп-гимназияда сағат 10.00, 12.00, 14.00-де, Манкент ауылы «Мұхамед» балабақшасында сағат 16.00-де.

 

Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры

10.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Отырар ауданы Шәмші ауылында.

14.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Отырар ауданы Қоғам ауылында.

17.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Түркістан қаласы Ынталы ауылы.

21.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Түркістан қаласы Ынталы ауылында.

24.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Төлеби ауданы Диханкөл ауылында.

28.10.2016 ж.

У.Абдрайымовтың «Күле алмасаң...», «Ұстазым менің...» сазды-думанды қойылымдары, Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісімен Төлеби ауданы Мәдени ауылында.

 

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры

02-12.10.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісімен Сарыағаш ауданының ауылдарына.

13-20.10.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісімен Төлеби ауданының ауылдарына.

24-29.10.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісімен Түлкібас ауданының ауылдарына.

24-29.10.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісі, «Тәуелсіздік - бабалар аманаты» театрландырылған коцертімен Шардара ауданының ауылдарына.

21-26.11.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісі, «Тәуелсіздік - бабалар аманаты» театрландырылған коцертімен Арыс қаласының ауылдарына.

05-10.12.2016 ж.

Н.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісі, «Тәуелсіздік - бабалар аманаты» театрландырылған коцертімен Сарыағаш ауданының ауылдарына.

 

Түркістан қаласының сазды-драма театры

08.10.2016 ж.

С.Омаровтың «Ақымақ арыстан» ертегісімен Түркістан қаласының Жаңа Иқан елдімекенінде.

15.10.2016 ж.

М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясымен Түркістан қаласының Бабайқорған ауылы мен Абай елдімекенінде.

20.10.2016 ж.

С.Омаровтың «Ақымақ арыстан» ертегісімен Түркістан қаласының Жаңа Иқан елдімекенінде.

 

Облыстық опера және балет театры

20-22.10.2016 ж.

«Отан» концерттік бағдарламасымен Түлкібас ауданы Мичурин ауылы, Балықшы ауылы, Керей ауылында.

25-27.10.2016 ж.

«Отан» концерттік бағдарламасымен Төле би ауданы Көксәйек ауылы, Жеңіс ауылы, Ертас ауылында.

28-30.10.2016 ж.

«Отан» концерттік бағдарламасымен Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы, Алтын төбе ауылы, Амангелді ауылына.

 

«Оңтүстік-Цирк»

19.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Төлеби ауданы Бірінші мамыр елдімекенінде сағат 12.00-де

21.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Бәйдібек ауданы Шаян ауылында сағат 12.00-де

22.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Отырар ауданы Шәуілдір ауылында сағат 12.00-де, Көксарай елдімекенінде сағат 16.00-де.

25.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Ордабасы ауданы Бадам елдімекенінде сағат 12.00-де

27.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Арыс қаласы Темір ауылында сағат 12.00, 16.00-де.

28.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Түркістан қаласында сағат 12.00-де.

29.10.2016 ж.

«Таңғажайып керуен» цирктік бағдарламасымен Түркістан қаласының Иқан елдімекенінде сағат 12.00-де.

 

«Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруенінің кестесі:

 

• 5 қазан күні Бәйдібек ауданының Жыланды және Боралдай ауылдары;

• 12 қазан күні Созақ ауданының Жартытөбе ауылы;

• 18 қазан күні Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында және Түркістан қаласына қарасты Оранғай ауылы;

• 26 қазан күні Ордабасы ауданының Төрткүл ауылы және Отырар ауданының Жаңашілік, Ескішілік ауылдары;

• 8 қараша күні Арыс қаласына қарасты Ақдала, Аққала, Жиделі, Байырқұм ауылдары;

• 11 қараша күні Шардара қаласының Ақ алтын және Қоссейіт ауылдары;

• 15 қараша күні Мақтарал ауданының Ділдабек және Атакент ауылдары;

• 18 қараша күні Сарағаш ауданының Абай, Қызыл әскер және Жаңа тұрмыс ауылдары;

• 23 қараша күні Қазығұрт ауданының Қызыл қия ауылы және Төлеби ауданының Жеңіс, Сарқырама ауылдары;

• 29 қараша күні Түлкібас ауданының Састөбе және Керейіт-Балықты ауылдары;

• 30 қараша күні «Отырар» облыстық кітапханасында «Кітапханалық керуен - 25 ауылға» автокеруенінің нәтижесін қорытындылау.

Abai.kz

0 пікір