Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Қоғам 4891 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 15:07

500 МЫҢ ҚЫТАЙ КЕЛЕ ЖАТЫР

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шормановтың хабарлауынша, Қазақстанда өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің 500 мың билеті қытайлық туристерге сатылмақ екен. Бұл жөнінде Sputnik басылымы хабарлады.

Шормановтың айтуынша, жалпы болжам бойынша көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді, оның 85%-ы қазақстандықтар, ал 15%-ы шетелдік азаматтар. Бүгінде қазақстандық туркомпаниялармен 74 мың "ЭКСПО" билеттерін сатып алу жөнінде бес келісімшарт жасалған.

Шорманов Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумының панелдік сессиясында: "Қытайдағы үш жетекші туроператорлармен жүргізіліп жатқан ҚХР-ға 500 мың билет сатып алу жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын," – деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1256
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1154
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1025