Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 06:47

Сүлеймен МӘМЕТ. ҰБТ БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Өркеніңнің өсуі, еліңнің дамуы, мемле¬ке¬тіңнің алтын діңгегі мықты болып қа¬лып¬тасуы білім мен білікке байланысты. Сол білім мен білікті өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ойына орнық¬тыру жолында атқарылып жатқан жұмыс¬тар аз емес. Соның бірі ондаған жылдардан бері жалғасын тауып келе жатқан, мектеп бітірушілердің білімін сарапқа салатын ұлт¬тық бірыңғай тест. Алғашқы кезде жем¬қор¬лықты тыю, әділдікті орнату мақсатын¬да енгізілген үрдістің кей тұста шикілігі шығып, ши басынан секіргендер табылып жатты. Тіпті, тест сұрақтарын сұғанақ қол¬дар сыртқа шығарып жіберіп, оны пайда¬лан¬ғандар да болды. Ел ішін алатайдай тулатып, жақсы істі қара бастарының қам-қарекетіне жаратып, ата-аналардан “көк қағаз” жинаушылар төбе көрсетіп жүрді. Олардың арам ниеті кейде жүзеге асып, оқушылар білімге емес, соларға сеніп қалған кездеріне куә болдық. Осы тұста тест өткізу туралы әр-алуан пікірлер айтыл¬ды. Бұрынғыдай облыс орталықтарында өткізу, олай болмаған жағдайда жалғасып келе жатқан сынақ үрдісін тек мектеп бі¬тіру бойынша жүргізіп, одан кейінгі жерде талапкерлерді таңдаған мамандығына сай жоғары оқу орындарына тест бойынша қабылдау, тағы басқа ұсыныстар өткен жылы көп айтылғаны мәлім. Бірақ, біраз жылдан бергі сынақ түрі биыл сол қал¬пында қалып отыр.

Өркеніңнің өсуі, еліңнің дамуы, мемле¬ке¬тіңнің алтын діңгегі мықты болып қа¬лып¬тасуы білім мен білікке байланысты. Сол білім мен білікті өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ойына орнық¬тыру жолында атқарылып жатқан жұмыс¬тар аз емес. Соның бірі ондаған жылдардан бері жалғасын тауып келе жатқан, мектеп бітірушілердің білімін сарапқа салатын ұлт¬тық бірыңғай тест. Алғашқы кезде жем¬қор¬лықты тыю, әділдікті орнату мақсатын¬да енгізілген үрдістің кей тұста шикілігі шығып, ши басынан секіргендер табылып жатты. Тіпті, тест сұрақтарын сұғанақ қол¬дар сыртқа шығарып жіберіп, оны пайда¬лан¬ғандар да болды. Ел ішін алатайдай тулатып, жақсы істі қара бастарының қам-қарекетіне жаратып, ата-аналардан “көк қағаз” жинаушылар төбе көрсетіп жүрді. Олардың арам ниеті кейде жүзеге асып, оқушылар білімге емес, соларға сеніп қалған кездеріне куә болдық. Осы тұста тест өткізу туралы әр-алуан пікірлер айтыл¬ды. Бұрынғыдай облыс орталықтарында өткізу, олай болмаған жағдайда жалғасып келе жатқан сынақ үрдісін тек мектеп бі¬тіру бойынша жүргізіп, одан кейінгі жерде талапкерлерді таңдаған мамандығына сай жоғары оқу орындарына тест бойынша қабылдау, тағы басқа ұсыныстар өткен жылы көп айтылғаны мәлім. Бірақ, біраз жылдан бергі сынақ түрі биыл сол қал¬пында қалып отыр.
Бір атап өтерлігі, өткен жылы мұндай теріс қылыққа тегеурінді тосқауыл қоюға ұмтылыс жасалды. Тест тапсырмаларының базасы мен дұрыс жауаптар коды мемле¬кет¬тік құпия болып есептелінетін болды. Оны бұзғандар қолға түскен жағдайда заң талабымен қатаң жазаға тартылатыны да ал¬дыңғы кезекке шықты. Соның нәтиже¬сін¬де өткен жылы ұрпақ тағдырын шешетін бұл сынақ түрі аздаған кемшіліктері бол¬ма¬са, әділ жолға қоюға болады деуге негіз қалады. “Жарылқаушылардың” дегені бол¬май, оларға сенгендердің біразы опық жеп қалды. Биыл ондай сүреңсіздік көп естілмейді. Ата-аналар да, оқушылар да, ұстаздар да тек білімді сыннан сүрінбейді дегенге ден қойған, өзге емес өзімізге сенейікке бой алдырған. Үміткерлер үкілеген үмітін аққу құстың балапанындай қолдарына ұстап жүр. Біз мұны күні кеше өткен соңғы қоңырау кезінде аңғардық.
Ал енді биылғы ҰБТ-ға еліміз бойынша 108 672 мектеп бітіруші өтініш беріпті. Сынақ 4-10 маусым аралығында арнайы жасақталған 154 тестілеу пункттерінде өтеді. Ондай орталықтар Отанымыздың 49 қаласы мен 105 ауылды жерлерде жұмыс істейтін болады. Өткен жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелеріне қарап отырсаңыз, әр мектептегі білім сапасының қандай дәре¬жеде екенін бірден аңғарасыз. Соған қарап отырып, әлгі мектептің қандай дәрежеде жұмыс істеп жатқанынан, ұстазының білім деңгейі қандай екенінен, жалпы өңірдегі оқу жайынан хабардар боласың.
Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, биыл тест уақыты 30 минөтке ұзартылыпты. Бұрын бір реткі емтихан тапсыруға қатысатын оқушылардың саны 1,5 мың болса, енді ол 800-ге дейін тө¬мендеген. Сол секілді ұлттық мектеп түлекте¬рі, нақтылай түссек ұйғыр, өзбек, тәжік тілінде білім алғандар өз қалауымен ҰБТ-ны мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде тапсы¬ру¬ға құқысы бар. Тестке талапкерлерді кіргізу кезінде ҰБТ өткізілетін пункттерде міндетті түрде металл іздеуші құралдар қолданылатын көрінеді. Ол, ұялы телефондарды жасырын алып кіруге жол бермеу, жарылғыш заттар және басқа да заңға қайшы істерді болдыр¬мау мақсатын көздейді.
Ең басты нәрсе, емтихан барысында жоға¬ры балл жинау үшін тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын жеткізумен жасырын айналысатын, “ақылы қызмет” көрсетпек ниет¬тегі суық қолдарды болдырмау биыл ерек¬ше қолға алынған. Мәселен, өткен жылы мұндай жат қылықтар жасауға талпынғандар оперативтік-іздеу шараларының нәтижесінде Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақ¬стан облыстарында қолға түскен болатын. Олар ҚК-нің 175-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі. Шы¬нын¬да, мемлекеттік құпияға қол салғандарды осындай жолмен тосқауыл қою қосақара¬сын¬да жүргендерді саптан шығарып, таланттар¬дың алға озуына мүмкіндік жасары анық.
Енді 2009 жылғы ҰБТ қалай өтеді, қандай өзгерістер бар деген талапкерлердің сұрақ¬тары¬на жауап берер болсақ, биылғы сынақ өткен жылғыдай жалғаса бермек. Бұл ем¬тихан түріне оқушылардың ерікті түрде қаты¬сатындығы, дәстүрлі емтихан тапсырамын дегендерге де мүмкіндіктің болатыны, бірақ олар “Алтын белгі”, ерекше үлгідегі аттестат алатындардың қатарынан табылмайтынын айта кетсек дейміз. Ауырып қалған жағдайда талапкер мемлекеттік комиссияға анықтама тапсырса, оның шешімі қарастырылады. Біз сынаққа оқушылардың төлқұжатпен, рұқсат қағазымен келуін, ҰБТ сұрақтары негізінен білім беру бағдарламасының аясында жасалғанын айта кетуді жөн көріп отырмыз. Апелляциялық комиссия қандай шешімдерді шешеді деген сұраққа министрлік өкілдерінің жауаптарын келтірер болсақ, пәндер бой¬ын¬ша дұрыс құрастырылмаған тапсырмаларды қарастырады екен. Егер өтініште жазылған мәселе дәлелденсе, апелляциялық комиссия республикалық комиссияға дәлел-дәйектерін жіберіп, балл қосып беруге ұсыныс түсіреді. Соңғы шешім сол жерде ғана айтылады. Көптің көкейінде жүрген тағы бір сұрақ, қазақ тілінде оқытатын мектеп үшін орыс тілі және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәндерінің ҰБТ-дағы қорытын¬ды¬сы жоғары оқу орындарына түсу нәтиже¬сіне әсер ете ме дегенге саяды. Осы арада мына бір нәрсені назарға салар болсақ, ҰБТ  мектеп бітірушілер үшін орта білім туралы аттестат алумен қатар, жоғары оқу орын¬дарына, колледждерге түсуге жол ашады. “Тілдер туралы” Заңға сәйкес орыс тілінде оқытатын мектептер үшін мемлекеттік тіл және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі аттестатта көрсетіледі. Сондықтан “Білім туралы” Заңға сәйкес мемлекеттік тіл мен орыс тілі ҰБТ бағдарламасының негіз¬гі пәндері болып есептеледі. Жоғары оқу орындарына түсу үшін типтік ережеге сәйкес кешенді тестілеу пәндері мыналар: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика, таңдау пәні. Еліміздегі тілдердің әралуан¬дығына орай республиканың жоғары оқу орындарына талпынған талапкерлер бірдей жағдайда болу үшін ҰБТ-ның қорытын¬ды¬сындағы баллдар саны жоғарыдағы төрт пәннің көрсеткішімен ғана есепке алынатынын еске сала кетуді парыз санап отырмыз. Көп талапкерлер ұялы телефон алып келуге бола ма деген сұрақтар қойып жатыр. Оған әрине, жоқ деген жауап бе¬ріледі. Жауап парақшаларындағы жауапты қандай қалам түрімен бояуға болады дегендер үшін қара не қара-көкшіл сиямен белгіленетінін, өзге сияларға қатаң тосқауыл қойылатынын алға тартамыз. Жауап парақтарын бүлдіріп алсам, басқа парақ беріле ме деген сұраққа жоқ, үміт¬керлер тиянақты болуы керек демекпіз.
Тағы бір сұрақ, 2009 сертификаттағы баллдар мектеп бағасына қарай ауысатын болады, дейді. Бұл өткен жылдағы үрдіспен жалғасын табады. Айталық, 0-2 балл жинағандар – 2, 3-11 балл алғандар – 3, 12-20 баллдың иелері – 4, 21-25 балл ен¬ші¬сіне тигендер 5 деген бағаны қанжыға¬лары¬на байлайды. Жоғарыда айтқанымыз¬дай, ұлттық мектепті бітірушілер емтихан түрін өздері таңдайды. Сол секілді  Қа¬зақ¬стан азаматы емес адамдар біздің Ота¬нымызда білімін жалғастырғысы келсе ҰБТ-ға міндетті түрде қатысуы керек. Егер басқа елдерде білім алуға талпынып жүрсе дәстүрлі емтиханға жіберіледі. Кейбір та¬лапкерлер 11 сынып базасындағы білім¬мен ҰБТ-ға қатыспай колледжге түсуге бола ма деген сұрақ қояды. Бұған әрине, жоқ дей отырып, міндетті түрде ҰБТ-ның сертификаты қажет екенін жеткізгіміз келеді. Бұрын бітіргендерге мұндай талап қойылмайды. Олар колледждің өзінде сынақ тапсыра алады. Биыл жоғарыдағы пән¬дерден 45, одан да жоғары балл жина¬ған¬дар жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі республикалық комиссияға өтініш беріп, студент болу үшін бағын сынауына мүмкіндік бар. Сертификат күші осы жылдың соңына дейін ғана жарай¬тынын да  айта кетпекпіз.

 


Сүлеймен МӘМЕТ.
«Егемен Қазақстан» газеті  29 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1516
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1113
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1145