Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3443 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 09:44

ОҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы аясында 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

Оңтүстік Қазақстан облысында 19-28 қыркүйек аралығында экологиялық қылмыс пен құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.  Іс-шараны тиісті деңгейде ұйымдастырып өткізу мақсатында,  барлық мүдделі орган өкілдерінен тұратын 53 ұтқыр топ құрылды. Оның ішінде басқа табиғатты қорғау органдарымен бірлескен топтар саны - 28. Жұмылдырылған жеке құрам саны – 335 және  табиғатты  қорғау органдарының қызметкерлерінің саны - 37.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 8 экологиялық қылмыс  пен  121 әкімшілік құқықбұзушылық  анықталған. Аталған әкімшілік фактілер бойынша жалпы 429 499 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, заңсыз аңшылық жасағаны үшін 1 қылмыс (ҚР ҚК-нің 337-бабы). анықталды. Мысалы, рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Созақ ауданы, Құмкент ауыл округіне қарасты Бетпақ далада Құмкент ауылының тұрғындары «ЗИЛ» маркалы автокөлігімен аңшы мылтығы  және прожектор пайдаланып түнгі мезгілде заңсыз аңшылық жасап жүрген жерінен анықталып ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 1-дана ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі №И-51771 санды тегіс бір ұңғылы аңшы мылтығы, 18-дана патрон,1-дана жарық беру құралы /прожектор/ және заңсыз атылып алынған бір борсық аңына ұқсас аң денесі, 2 қоян аңының денесі алынды. Аталған дәйек бойынша Созақ АІІБ-мен ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлімімен  /Заңсыз аңшылық/ сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, рейд кезінде полиция қызметкерлері  жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзудың 5 дерегі анықтаған.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608