Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2755 0 пікір 4 Қыркүйек, 2010 сағат 08:27

«Халық билігі» блогының президентті отставкаға кетіру туралы референдум өткізу керек деген ұсынысын саясаткер Карин сандырақ деп есептейді

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - «Халықбилігі» блогының президент Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетіру туралы референдум өткізу керек деген ұсынысын «Нұр Отан» ХДП хатшысы саясаткер Карин сандырақ деп есептейді.

«Халық билігі» деп аталатын блоктың президентті отставкаға кетіру туралы референдумге бастамашыл болмақшы ниеті - ол кезекті бос, мағынасыз және былайша айтқанда, сандырақ іс», - деп саясаткер ҚазТАГ агенттігіне өзінің пікірін білдірді.

Ол, біріншіден, референдумның өзі күрделі процедура екеніне сенімді. «Бұл тұста тек құқықтық емес, бірінші кезекте, ұйымдастырушылық тұрғысынан  күрделі», - дейді Е. Карин. Ондай компанияны ұйымдастыру үшін қуатты тарамдалған құрылым керек. «Бірақ оппозициялық партияларда бір ортақ проблема бар - ол жергілікті жерлердегі жұмыстың әлсіздігі, кейде тіпті ондай жұмыс жоқ, оған қоса іске қабілетті өңірлік филиалдардың жоқтығы», - деп есептейді ол.

«Екіншіден, мен бірнеше рет атап көрсеткендей, оппозицияға осындай популистік акциялармен алдын ала айналысудың қажеті жоқ еді, оның орнына қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің нақты, сындарды ұсыныстарын әзірлеу керек еді», - дейді «Нұр Отан» хатшысы. .

Ол сондай-ақ оппозиция  бұрынғы қателігін қайталауды жалғастыруда, қоғам мен қарапайым азаматтарды қандай да конфрантациялық, радикалды ұрандармен қорқытуда, деп отыр.

«Сондықтан оқтын-оқтын ұсынып тұратын осындай бастамалар оппозицияның тұрақты әлеуметтік базасының қалыптасуына септігін тигізбек тұрмақ, керісінше, қоғамның жалпы айтқанда оппозицияға деген сенімін азайтады», - дейді Е. Карин.

«Төртіншісі, және ең негізгісі. Президент қазақстандықтардың басым көпшілігінің қолдауына ие. Және мәселені осылай қоюдың ешқандай алғышарты жоқ. Сондықтан осындай бастамалардың іске асуының ешқандай мүмкіндігі жоқ», - деп қорытындылады өз ойын Е. Карин.

«Халық билігі» оппозициялық блокқа Қазақстан коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясы кіреді. Сәрсенбі күні олар баспасөз мәслихатында 21-ші қыркүйекте Н. Назарбаевтың мезгілінен бұрын отставкаға кетуі жөніндегі мәселе бойынша референдумға бастама көтеру туралы жиналыс өткізетінін мәлімдеді. «Алға» көшбасшысы Владимир Козловтың айтуынша, «бұл мәселе Конституция мен басқа да заңдарға президент Назарбаевқа заң жүзінде «Ұлт лидері» мәртебесін беру туралы өзгерістер енгізілген соң көтерілді».

0 пікір