Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3770 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 08:30

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНА - КЕМІНДЕ 1100 ЖЫЛ!

Атырау қаласының 376 жылдығы аталып өтілгені туралы хабар таң қалдырып отыр. Қаланың іргетасын 1640 жылы Гурий Назаров қалады деген ол орыстардың қолдан жасап берген тарихы ғой.

Қазақтың төл тарихында Атыраудың тарихы кемінде 1100 жылдық кезеңді қамтиды! Археологиялық артефактілер неге ескерілмеген? Сол Назаров кезінде балық аулау үшін Алтын Орданың сол кездегі астанасы Сарайшық билігіне салық төлеп тұрғаны қайда? Гурьев қоныстанғаннан бұрын сол жерде тұрған Үйшік қалашығы қайда кетеді? Оны бөлек қойғанда Атырау тарихы Сарайшықпен ұштасып жатқанын неге ұмытамыз? Атырау қаласы әкімшілігінің шаһар тарихын орыстық жақтауға салу ұмтылысы ұят әрі үлкен әбестік! Тауық соқырлықты қоятын уақыт жетті ғой! Атырау қаласының шын жасы кемінде 1100 жыл! Оны ЮНЕСКО тізіміне қосып шын жасын өзіне қайтару қажет!

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір