Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2903 0 пікір 4 Қыркүйек, 2010 сағат 08:19

РФ Курган облысының губернаторы Сібір-Орталық Қазақстан газ құбырын салуды ұсынды

Алматы. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Ресейдің Курган облысының губернаторы Олег Богомолов Түменнен Орталық Қазақстанның қалаларына дейін газ құбырын салуды ұсынды, деп хабарлайды жұма күні губернатордың баспасөз қызметі.

Облыс басшысы бұл ұсынысты Өскемендегі ресейлік-қазақстандық бизнес форумның қарсаңында қазақстандық журналистермен кездесуде жария етті.

«Табиғи газды біздің «газды аймақтарымыздан» Курган облысы арқылы Петропавл, Астанаға, Солтүстік Қазақстанның басқа өңірлеріне жеткізуге болады. Сол кезде бізде екі елдің шекаралық ынтымақтастығы шеңберінде шығыс аудандарымызды газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады», - деді О. Богомолов.

Бұл ұсыныс үшін негізгі себеп Курган облысының шығыс аудандарына газ тарту қажеттігі болып отыр. Алайда бұл жобаны ресейлік аймақ өз бетімен шеше алмайды.

«Бізге Түмен облысының Упорово елді мекенінің ауданында «байланыс» беріп отыр. Бірақ бұл газ құбырының жүздеген шақырымын ірі тұтынушылары жоқ аумақта салу керек, газ құбырының көп бөлігі пайдаланылмайды деген сөз. Шығын көп, ал жобаның тиімділігі, ақталуы өте төмен болады», - деді О. Богомолов.

Осыған байланысты бұл газ құбырын Қазақстанның тасымалдамалы сұйытылған газ қолданылатын солтүстік және орталық қалаларына газ жеткізу үшін пайдалануға болатын еді, деп есептейді ол.

0 пікір