Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3836 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 14:42

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ РЕСМИ АТЫ - ҚАЗАҚ ЕЛІ

Қазақ халқы Қазақстан жұртының 70 % жуығын құрап отырған, мемлекет жасаушы ұлт. Сондықтан, елдің екінші ресми аты - Қазақ Елі.

Қазақ халқының ұлттық мүддесі - Қазақстанның мемлекеттік мүддесінің ажырамас бөлігі. Елдің болашағы үшін, пайдасы үшін бізге көп заңдар қабылдауымыз керек. 

Орыс тілін ресми, ұлтаралық тіл статусынан айыру туралы, мемлекеттік мекемелерде барлық іс-қағадарды мемлекеттік тілде дайындап, жазу міндеті туралы, халыққа қызмет көрсететін көпшілік орындардамемлекеттік тілді меңгерген адамдар ғана жұмыс істеуге тиістігі туралы заң керек.

Шетелдегі қандас бауырларды Қазақстанға көшіру жөніндегі жеделдетілген бағдарлама жасау керек. Ол заң күшіне ие болу керек. Мемлекет тарапынан қаржылану керек. Келе жатқан 51 қытай зауытын тексеріп қабылдау, қытай мамандарын тексеріп, белгілі мерзімге орналастыру үшін де бағдарлама керек. Азаматтық туралы, аралас неке құрған отбасылардың азаматтығы, жалған некелесу туралы заң керек. Жер мəселесі де толық шешілген жоқ. Қазақ халқының мүддесін қорғайтын көптеген жақсы заңдар керек.

Ақан Жақып

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір