Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 8316 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 10:30

НАДАНДЫҚ

"Абайша айтсақ, Жанна Д'Аркты отқа өртеткен Пьер Кошон емес, Сократқа у ішкізген Ксенофонт емес, Шәкәрімді өлтірген Қарасартов емес - мұның бәрі надандықтан болған. Надандық бәріміздің ортақ жауымыз".

Бұл - профессор Саят Ыбыраевтың 2010 жылы берген сұхбатында айтқан сөзі еді. Арада алты жыл өтті. Надандық өршіп, тереңдеп барады... Айтарға сөз жоқ! Наданға айтқан қайран сөзің қор, жұмсаған күшің зая...

***

- Қазіргі Қазақстандағы діни ағымдардың халықты іштен бөлшектеп жатқанына қарасақ, мұның арты қақтығысқа апарып соқпай ма?

- Ондай қауіп бар болғандықтан шырылдап жүрген жоқпыз ба?! Айтқан жерден аулақ, әрине. Діни фундаментализмнің алдын алу жолдарын әлемдік алпауыт елдер де таппай отыр. Алауыздыққа ұласып кетпеудің жалғыз жолы - дәстүрлі діни танымға қайта оралу. Абайша айтсақ, Жанна Д'Аркты отқа өртеткен Пьер Кошон емес, Сократқа у ішкізген Ксенофонт емес, Шәкәрімді өлтірген Қарасартов емес - мұның бәрі надандықтан болған. Надандық бәріміздің ортақ жауымыз. Осы надандықтан ел болып шығудың амалын тауып, ақиқаттың түбіне жетуге күресуіміз керек.

Өміржан Әбдіхалқұлы

Abai.kz

 

0 пікір