Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2816 0 пікір 2 Қыркүйек, 2010 сағат 08:03

Мәжіліс түкі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесін құру туралы келісімді ратификациялады

Астана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Мәжіліс депутаттары бейсенбі күнгі алқа отырысында «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесін  құру туралы Нахичеван келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев аталған заң жобасын депуттарға таныстырып тұрып айтқандай, біздің елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі - түркі тілдес мемлекеттермен ынтымақтастық болып табылады. 

«Тығыз ынтымақтастық жалпы саяси құрылым құру қажеттігін тудырып, және осы себепті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбев түркілік елдердің ынтымақтастық  кеңесін құру бастамасын көтерген», - деді ол. 

«Соның нәтижесінде осы тарихи құжат келіп туды», - деп жалғастырды министр орынбасары.

Аталған келісімшарт аясында хатшылық құру қарастырылған және ол кеңес құрамында қабылданған шешімдерге мониторинг жүргізумен айналысады, деді Н. Ермекбаев.

Хатшылық Стамбулда орналасады. Аталған келісімді бүгінге Әзербайжан мен Түркия бекітті.

0 пікір