Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 10:29

ОҚО-да ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев Біріккен Ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту әм нәрестенің туу көрсеткішін көбейтіп, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті.

«Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек. Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылордада жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады»,- деді Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорының Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитный.

Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін де жеткізді.

Айта кетейік, өз кезегінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, облыстағы аталған сала басшыларына, мамандарына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның Оңтүстік Қазақстанды нысанаға алуының басты себебі - Оңтүстікте халық санының өсімі мен демографиялық ілгерулеу бар. Соңғы жылдары Оңтүстік тұрғындарының саны едәуір артып, Республикадағы мегаполис қалалар санатына қосылған-тын. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653