Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Айбын 7862 1 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:21

БЕЛГІСІЗ ҚАЙСАР ҚЫЗ ТУРАЛЫ БІР ДЕРЕК

Кітапханаларда желтоқсан оқиғасы туралы  тақырыптық кеш  өтіп слайдтарда көрсетілетін осы бір суретті көрген сайын «Бұл батыр қыз қазір бар ма екен?» деген ой мазалайтын. Міне, Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толып жатса да, көптеген суреттегі батырларымыздың есімдері әлі белгілі болған жоқ. Мысалы, мына суретті қараңызшы. Қазір желтоқсаншылар туралы жазылған кітаптар баршылық, бірақ соның бірінде осы суреттегі қайсар қыз туралы бір ауыз сөз жоқ. Жақында фейсбук әлеуметтік желісінің бетінде осы сурет тағы да жарияланды.

Мен бұл суретті көре сала әдетімше «Суреттегі қыз  туралы бір дерек бар ма екен?» деп  әдетімше ойланып қалдым.

 – Бұл - мен, – деді сол кезде Анар Рахымжанова есімді  келіншек.

(Фейсбук әлеуметтік желісіндегі сурет)

Фейсбук желісіндегілер сұрақты жаудыра жөнелді. Кейбірі сенбейтіндерін білдірді. «Суреттегі қыздың өзім екендігін мен ешкімге дәлелдеуге тырыспаймын» деді ол.

Көп сауалдарға жауап бермеді. «Қысым көрдім, кесірім құрбыма тиді» деді маған. Әлі күнге дейін неге өзі туралы айтпағанын сұрадым. «Қаскелеңде тергеуде болдым, құжаттар әлі сақтаулы шығар. Алдымнан, қырымнан  суретке  түсірді, ұрған жоқ. Қазір Алматыда тұрамын» деді.

Суретке таласушылар да табылар. Әзірге білгенім - осы. Қалғанын журналистер өздері зерттей жатар. Бір кездегі азат рухтары жанышталғындықтан, 30 жыл тіс жармай келген қарапайым қаһармандарымызды танып-біліп жүргеніміз дұрыс  шығар. Осыдан отыз жыл бұрын олар қазақта намыс барын, қазақ деген ел бар екенін дүние жүзіне паш етті. Империяның құлауын тездетті. Желтоқсан көтерілісі бабалар армандаған тәуелсіздік жолындағы ірілі-ұсақты 400 көтерілістің бірі еді. Сондықтан да, жұмбақ жандар есімін біліп, олардың ерлігін  жариялай жүрейік. Тарихи күннің отыз жылдығы жақындап қалды. Осы күні жұмбақ жанның есімін халқы біліп, құрмет көрсетіп, төс белгі алып жатса, көңілге жұбаныш қой. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Н.Мұқанова

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1471
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1200