Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4987 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 17:47

Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің ең маңызды саласы

Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің  ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Біздің өңірімізде де ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ілгері дамып келеді.

Бүгін Түркістан қаласына қарасты Ораңғай ауылдық округінде қуанышты мереке. Себебі мұнда  «Әл-береке» атындағы ауыл-шаруашылық дақылдарын қайта өңдеу кооперативі іске қосылды. Коперативті жеке кәсіпкер Сүлейменов Әбдірайым басқарады. Арнайы барып  ашқан қала әкімі Ә.Өсербаев шаруашылыққа сәттілік тіледі.

«Әл-Береке» шаруашылық кооперативі толық іске қосылғанда 38 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы.Жылдық өңдеу қуаты да арта түспек. Алысты-жақынды ауыл-аймақтардың көкөністері мен дақылдары енді осы  шаруашылықта қайта өңделіп, халық сұранысын қанағатандыратын болады.Негізінен  қызанақ,қияр, асқабақ икрасы, жеміс-жидек шырындары дайындалып шығарылады.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан қаласында тағы да айтулы шара. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында  қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Көптен бері шешімін таба алмай келе  жатқан түйткілді мәселе бүгін оң нәтижеге қол жеткізуде. Ол «Нұр-Әсем» мал базарының ашылуы. Ашылуға арнайы барып лентасын қиған қала әкімі базар ұжымына табыс тіледі.

 Базар басшылығы-жеке кәсіпкер Әбсәмат Мәткәрімұлы стандартқа сай соңғы үлгідегі, ашылған бұл орында екі жүз адамды жұмыспен қамтитынын тілге тиек етті.

Түркістан қаласы және ауылдық округтердің негізгі күнкөріс саласы мал мен егін шаруашылығы екені  белгілі.Жыл өткен сайын мал басының артуы көңіл қуантады.Соның ішінде ІҚМ басы 81994 бас  106,5%-ға, қой-ешкі 437577 бас 104,5%-ға, жылқы 9983бас 108,5%-ға, түйе 2742 бас 105,4%-ға артты, шошқа 1089 бас, 82,4% құраған.

Abai.kz

0 пікір