Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3093 0 пікір 2 Қараша, 2016 сағат 17:34

ОҚО-да тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту жайы қаралды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың қатысуымен өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өтті.

Басқосуды ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының облыс орталығы – Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисіне айналдыру туралы тапсырмасына орай, шаһардың бүгінгі таңда үлкен құрылыс алаңына айналғанын жеткізді. Бұл ретте, өңір басшысы мұндай ауқымды істердің сәтті атқарылуына мемлекет пен бизнестің жүйелі ара-қатынасы, оның ішінде, «Бәйтерек» холдингінің үлесі орасан екенін айтты.

Мәселен, облысымызда «Бәйтерек девелопмент» арқылы былтыр көпқабатты 36 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1 572 отбасы тұрғын үймен қамтамысыз етілген. Ал биыл көлемі шамамен 93 мың шаршы метр болатын 1 496 пәтерлі 34 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде, сөз алған Е.Досаев Оңтүстік өңіріндегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік салаларын дамытып, қолдауға дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының арасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ортақ меморандум түзілді. Сондай-ақ, жобаларды қаржыландыруға әзірлеу аясында «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды.

«Үкіметтің негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыруда қаржылық операторы болып табылатын «Бәйтерек» холдингі ҚР Мемлекеттік индустриалды-иннновациялық даму бағдарламасы аясында 2020 жылға дейінгі индустриалды жобаларды қаржыландырып, Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының тұрғын үй құрылысы жұмыстарына қатысады. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді басқарма төрағасы.

Еске салайық, еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында туылатынын ескерсек, үй кезегінде тұратын азаматтардың саны көп болатыны анық. Яғни, бүгінде өңірімізде 43 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұрса, бұл көрсеткіш бойынша аймағымыз Астанадан кейінгі екінші орында.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі өңірдегі кәсіпорындардың дамуына септігін тигізген «Бәйтерек» холдингінің басшылығына алғысын білдіріп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруда, оның ішінде тоқыма кластерін дамытуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының арасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ортақ меморандум түзілді. Сондай-ақ, жобаларды қаржыландыруға әзірлеу аясында «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір