Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3663 0 пікір 4 Қараша, 2016 сағат 10:45

Қазақстанда дау туғызған жер кодексіне өзгерістер ұсынылды

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі биыл жер комиссиясы ұсынған бес қадамды жер кодексіне өзгертулер туралы заң жобасына қосуды ұсынды.

Бұл туралы Астанада 3 қарашада ведомствоаралық комиссияның отырысында ауыл шаруашылық министрі Ерлан Нысанбаев жариялады.

Оның айтуынша, ұсынылған өзгерістерде аграрлы жерлерді жалға беру үшін типтік шартты бекіту туралы ұсыныс бар. Ол халық толқуларын болдырмас үшін, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді әрі ұқыпты пайдалануды көздейді.

Жалға берілетін жер көлемін шектеу, мемлекеттік шекараға жақын маңдағы жерлерді жалға беруге тыйым салу, жайылым және шабындық жерлерін сол мекеннің тұрғындарына ғана беру туралы ұсыныстар бар.

Биыл жер реформасына қарсы бірнеше наразылық акциясынан соң құрылған жер комиссиясы осындай ұсыныстар жасаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1086
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 982
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 838