Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3282 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:46

Қостанайда «Тың – 2010» атты облыстық жазғы ойындар басталды

Қостанай. 27 тамыз. ҚазТАГ - Қостанайда ұлттық спорт түрлерінен «Тың - 2010» атты ХХV-ші облыстық жазғы ойындар басталды, деп жұма күні облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ойындар Затобольск кентіндегі жаңа стадионда өтеді. Жұма күні кешкісін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен мұнда ойындардың салтанатты ашылуы болып өтті.

Спартакиада аясында футболдан, волейболдан, баскетболдан, теннистен, дзюдо, жеңіл атлетикадан, бокстан, еркін және грек-рим күресінен, қазақша күрестен, президент көпсайысынан, тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Заречный кентіндегі «Қазақ-Тұлпары» ипподромында да ат спортының түрлерінен - көкпар, аударыспақ, қыз қуу, әр түрлі қашықтыққа бәйге өтеді.

«Тың 2010» Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына, Ұлы Отан соғынысындағы Жеңістің 65 жылығына және Мәдениеттер жақындасуы жылына арналған.

0 пікір