Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3177 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:45

Қазақстанда оқулықтарды шетелдік авторлар жазатын болады – білім министрі

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстан оқулықтарын жазуға көрші мемлекеттердің ғалымдары тартылатын болады, деп ҚР білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев мәлім етті.

«Оқулықты жазу - өте күрделі іс. Сондықтан біз оқулық жазу үшін көрші мемлекеттердің сарапшылары мен ғалымдарын шақырып отырмыз. Жаратылыс тану ғылымдарынан да біз көрші мемлекеттерден белді ғалымдар мен авторларды шақырамыз», - деді Ж. Түймебаев жұма күні on-lineконференция барысында.

Оның айтуынша, бүгінге министрлік оқулықтарды бекітудің жаңа ережелерін дайындады.

Былтыр білім министрлігі ондаған мың оқулықтарға талдама жүргізді. Оның қорытындысында сараптамаға бірнеше оқулықтар жіберілмеді, 30-дан астамына оқу бағдарламасына енгізу ұсынылмады.

0 пікір