Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3229 0 пікір 27 Тамыз, 2010 сағат 03:43

Бішкекте кәсіпкердің отбасы өлтірілді

Бішкек. 26 тамыз. ҚазТАГ - Бішкекте кәсіпкердің үйіне шабуыл жасалып, 4 адам өлтірілді, деп Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұнай өнімдерімен айналысатын кәсіпкер Жолдошбек Керимкуловтың отбасына шабуыл бейсенбі күні күндізгі екілер шамасында орын алды», - делінген хабарда.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Ж. Керимкулов бас сүйегінен алған жарақаттан қаза болды, оның 44 жасар әйелі мен 20 және 15 жасар екі ұлы басынан тиген мылтық оғынан өлді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

0 пікір