Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Деп жатыр 4172 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 11:29

Жұмаш Кенебай . АШҚ-тағы ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДАН

АҚШ-та кешкі  8-де, бізде таңғы 7-де АҚШ президенттігіне дауыс беру аяқталып, санақ жүріп, штаттар бойынша бірде Трамп, бірде Клинтон алма-кезек алға шығып, жағаласып келеді.

Міне, нағыз демократияның ғажап үлгісі!

Бізде болса, билік партиясы баяғыда «жеңіске» жетіп қояр еді!

АҚШ сайлауына қарап біздің  билік, өздерінің қалай өтірік дауыс жасап келгендерін бір сәтке ойлай ма екен? Бізде бүгінге дейін бір рет те әділ сайлау өткен жоқ. Мыналар билікте отырғанда ол мүмкін де емес шығар. Ардан, ұяттан, намыстан, ұлттан, діннен, тілден безген орысқұл биліктен басқа бірдеме күтудің өзі ақымақтық дер едім.Бірақ, түбі олар тарихтың алдында, көп қорланған Қазақ ұлтының алдында жауап беретін болады!

 Ал, АҚШ-та өткен сайлаудың әзірге нақты емес нәтижесі  келер болсақ мынандай:     

Дональд Трамп, Республикашылар партиясынан. Оған сайлаушылардың  48 пайызы, яғни 52 607 546 адам дауыс берген.

Хиллари Клинтон, Демократияшылдар партиясынан. Сайлаушылардың

47  пайызы, яғни 51 439 842 адам Хиллари ханымның кандидатурасын қолдаған.

Сәйкесінше, Либертариан партиясының үміткері Гэри Джонсон

3 % (3 461 705), Жасылдар партиясының серкесі Джилл Стайн 0,9 % (971 621) дауыс жинапты. 

 

 09.11.2016 жыл. Сағат таңғы 7.25 м ин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2379
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572