Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3058 0 пікір 27 Тамыз, 2010 сағат 03:42

Астанада ЕҚЫҰ саммиті кезінде құқықтық тәртіпті 4 мың полицейлер қамтамасыз етеді

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Астанада ЕҚЫҰ саммиті кезінде құқықтық тәртіпті 4 мың полицейлер қамтамасыз етеді, деп бейсенбі күні брифингте елорданың қоғамдық тәртіп басқарамасының бастығы Батырлан Есенбаймәлім етті.

Оның айтуынша, 2 мың қызметкер өңірлерден тартылады.

Елорданың ІІД баспасөз қызметінің хабарында «сырттан келетіндердің жалпы саны 5 мың адамнан асады» делінген.

Деректер бойынша, Астанада желтоқсанның 1-2-сі аралығында өтетін саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 50-ден астам мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының , серіктес 12 мемлекет басшыларының және 55 халықаралық ұйымдар, 700-ден астам БАҚ өкілдері, 500 - үкіметтік емес ұйымдары, 110 ЕҚЫҰ хатшылығының қызметкерлері мен 800-дей алып жүрушілер келмекші.

Қазір тәртіп сақшылары Конституция күні мен ЕҚЫҰ саммитін өткізу қарсаңында қылмыскершілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр.

0 пікір