Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2985 0 пікір 27 Тамыз, 2010 сағат 03:41

Премьер мемлекеттік тілді оқыту жастар саясатындағы ең маңыздысы деп есептейді

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ -Арсен Бектасов. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жастар саясатында мемлекеттік тілді үйрену ең маңыздысы деп есептейді.

«Менің пікірімше, ең маңыздысы - жастар саясаты. Ал жастар саясатында - тіл мәселесі», - деді К. Мәсімов бейсенбі күні жастар саясаты кеңесінің VII-ші отырысында. 

Мемлекеттік тілде жүргізілген тілдерді дамыту бағдарламасын талқылау қорытындысында премьер кеңес мүшелеріне жобаны талқылау мен түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруды және ұсыныстар мен ескертулерді мәдениет министрлігіне жолдап, бағдарламаны 1-ші қазанға дейін үкімет отырысына енгізуді тапсырды.

К. Мәсімов мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша қыркүйекте үкіметтің арнайы отырысы өтетінін атап өтті.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтерінше 2010 жылы 2000-шы жылмен салыстырғанда балабақшаларда қазақша тәрбиеленіп жатқан мектепке дейінгі балалар саны 25,8%-ға өсіп, 19,9 мыңнан 151 мыңға дейін жеткен.

Жоғарғы оқу орындарында қазақша оқитындар саны 2001-ші жылдан 2010-шы жылға 28,3%-ға көтеріліп, 162 мыңнан 303 мыңға жетті.

0 пікір