Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3696 0 пікір 27 Тамыз, 2010 сағат 03:40

Қазақстан Германиядан 7 бұқа сатып әкелді

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ -Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) жанындағы мал шаруашылығының «Асыл Түлік» асыл тұқымдық орталығы Германиядан бұқалар әкелді, деп министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Астананың түбіндегі Қосшы аулындағы асыл тұқымдық «Асыл түлік» орталығының өндірістік базасына 7 бұқа әкелінді», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпараттық баянда.

ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы хабарлағандай, әкелінген бұқалар қара-ала голштин тұқымы, қызыл-ала голштин мен симменталь тұқымынан. Бұқалар мемлекет қаражатына сатып алынды, бірақ «Асыл түлік» өкілі оның құнын атаудан бас тартты.

Осыған байланысты тараталған ақпараттық баянда бұқаларды әкелгендегі мақсат - «Мал шаруашылығындағы ауқымды селекция» бағдарламасын іске асыруға қатысып отырған жаңа сүт фермалары үшін шетелдік селекцияның ұрықтарының құнын арзандату, деп айтылған. 

АШМ мәліметтерінше, Қазақстанның мал шаруашылығының бұқалардың ұрығына деген сұранысы жылына 700-800 доза деп саналады.

«Қазіргі уақытта бұқалар карантинге қойылған. Олардан алынған ұрықтардың құны нарықтағыдан екі есеге арзан болады да ол тауар өндірушілерге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп, сол арқылы ет-сүт бағасын да түсіруге септігін тигізеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

0 пікір