Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3231 0 пікір 26 Тамыз, 2010 сағат 07:58

ҚДБ мен СӨП инвестожобаларға бірлесіп мониторинг жасайды

Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. «Қазақстан даму Банкі» АҚ (ҚДБ) мен ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы (СӨП) индустрияландыру картасына кіретін инвестициялық жобалардың мониторингі саласында меморандумға қол қойды, деп мәлім етті СӨП вице-президенті Бекзат Қалиев.

«Бұл меморандумның мақсаты қаржыландыру көзі ҚДБ болатындықтан, құпиялылық шеңберінде ақпарат алмасу болып отыр», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Б.Қалиевтің атап көрсетуінше, қазіргі уақытта СӨП 144 жоба бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Оның 72 -сі биылғы жылдың басында, 72 жоба 2010 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылды.

Қазіргі уақытта ҚДБ-ның қатысуымен индустрияландыру картасына енген жалпы қүны $3,6 млрд болатын 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. ҚДБ инвестициясының көлемі $2,2 млрд құрайды.

2010 жылдың басынан бері ҚДБ тобы индустрияландыру картасының шеңберінде 8 инвестжоба пайдалануға берілді. 2010 жылдың соңына дейін тағы 10 жобаны іске қосу жоспарланған.

0 пікір