Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3421 0 пікір 26 Тамыз, 2010 сағат 07:56

Олжас Сүлейменов БҰҰ-ға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құруды ұсынды

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. ҚР-дың ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов БҰҰ-ға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құруды ұсынды.

«Қазақстан мойнына алып отырған жүктемені жалғыз өзі көтеріп жүруі екіталай, сондықтан дәл осы күні біз БҰҰ-ға Семейде ғана емес, осындай сынақтар өткен жердің басқа бөліктерінде ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құруды қолға алуды ұсынғымыз келеді», - деді О. Сүлейменов бейсенбі күні Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған халықаралық конференцияда.

Ол қор ядролық сынақтарға халықаралық моратоийдің 20 жылы кезінде үнемделген қаржы есебінен қаржыландырылуы мүмкін деп есептейді.

«Осы уақытта 1000-нан аса жарылыс жасалған жоқ, бұл - ядролық клуб елдері үнемдеген миллиардтаған доллар қаржы. Осы қаржының бір бөлігін осы қордың негізін қалауға, әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты сауықтандыруға бағыттауға болады», - деді О.Сүлейменов.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 849
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 996