Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4270 0 пікір 28 Шілде, 2016 сағат 15:33

ОҚО-ДА «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛҒАН

Оңтүстік Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған 23 жылда 1 мыңға жуық ізденуші жоғары оқу орындарындағы білімін шетелдерде жалғастырған. Бұл туралы  "ОҚО әкімінің баспасөз қызметі" хабарлайды. 

Өткен жылдың өзінде өңірімізден 6 жас шетелде білім алу грантына ие болса, жалпы, аталған бағдарламамен білім алып жатқан жастар саны 68-ді құрайды. 

Шекара асып, білім қуған жастарымыздың біразы аймағымыздың өркендеуі үшін қызмет етуде. "Болашақтық" 183 азамат бүгінгі таңда облыстағы түрлі мекемелерде жұмыс істеп жатса, соның 12-сі мемлекеттік қызметтерде басшылық лауазымында. 

Еске саламыз, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау биыл да жалғасады. Үщ кезең бойынша (11 сәуір-13 мамыр, 13 маусым-29 шілде, 15 тамыз - 15 қыркүйек) жүргізілетін қабылдауға өз бетімен, мемлекеттік қызметкер ретінде, ғылыми-педагог қызметкер ретінде, мәдениет және шығармашылық қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері немесе инженерлік-техникалық қызметкерлер санатында қатысуға болады. 

Ал құжаттарды 3 жолмен - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «E-gov» электронды үкіметі және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыруға болады. Құжаттарды тапсыру талаптарын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ныңwww.bolashak.gov.kz ресми сайтынан алуға болады. 

Айта кету керек, облысымыздағы 12 жоғары оқу орнында 67 мың, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 70 мыңнан аса, 1022 жалпы мектепте 590 мыңға жуық оқушы білім алады.

Abai.kz

 

0 пікір