Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 09:52

Қырғызстан экс-президентінің ұлына қарсы шағым қанағаттандырылмады

Лондон соты британдық бизнесмен Шон Дейлидің Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Максим Бакиевке қарсы шағымын қабылдамады деп жазады Oxford Times басылымы.

Осының алдында Шон Дейли 2015 жылдың сәуір айында сотқа арыз түсіргені айтылған. Ол кіші Бакиевті өзін өлтіруге тапсырыс берген деп айыптайды. Істі тергеу барысында Максим Бакиевтің кәсіпкерге қастандық жасағаны туралы дәйек анықталмаған.

Еске сала кетейік, 2006 жылы Бішкекте «Оксус» британиялық компания өкілі Шон Дейлиге қастандық жасалды. Дәрігерлердің көмегімен ол аман қалды. Кейін ол Қырғызстаннан кетті.

Бішкектің Бірінші май сотының шешімімен Максим Бакиев пен Жаныш Бакиев Дейлидің өміріне қастандық жасағаны үшін сырттай өмір бойы түрме жазасына кесілді.

Тергеу ісі мәліметінше, «Оксус» компаниясы 2005 жылы Таластағы Жерүй кенішін өндіруге рұқсат алған. Бірақ 2006 жылы Максим Бакиев жеке мүддесі үшін лицензияны басқа компанияға беруге әрекеттенген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1334
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1186
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 929
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1041