Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3511 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 16:31

ОҚО-да «Ұлттық музей сенің қалаңда» көшпелі мәдени туры өтпек

ОҚО-да «Ұлттық музей сенің қалаңда» көшпелі мәдени туры өтпек. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді «Ұлттық музей сенің қалаңда» көшпелі мәдени турының «ашық есік» күніне шақырамыз. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҚР Ұлттық музейінің бастамасымен Шымкентте ұйымдастырылып жатқан көшпелі мәдени көрмеге ұлтымыздың ең құнды жәдігерлерінің бірегейі – «Алтын адам» қойылатын болады.  

Ауқымды турдың басты ерекшелігі - тек музей төрінде ғана тұратын бағалы мұрамен өзге өңір тұрғындарының да жақынырақ танысып, түсініп, зерделеуіне жол ашу болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен өтетін мәдени турда келушілердің назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3D графикалық бейнероликтері де ұсынылмақ. 

Еліміздің барлық аймағын қамтуды мақсат тұтқан мәдени саяхат бүгінде дейін республиканың  Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қызылорда облыстарында болып, отандастарымыздың ықыласына бөленді. 

Айта кетейік, көшпелі көрме 6 тамыз, сенбі күні, сағат 10:00-24:00 аралығында өтеді. 

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бейнелеу өнері музейі. Шымкент қаласы, Мәделі Қожа, 2Б (Абай саябағы). Кіру тегін. 

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672