Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3462 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 11:07

Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде аммиактың төгілуі салдарынан 3 адам зардап шекті

Өскемен. 25 тамыз. ҚазТАГ - Өскеменнің өңдеуші кәсіпорындарының бірінде құбырдағы ақауға байланысты 15 литр аммиак төгілді. 3 адам уланып қалды, деп хабарлайды ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

«Жұмыскерлер арбаны итеріп әкеле жатып, аммиак ағатын құбырды байқамай зақымдап алған. Абырой болғанда, ірі апат орын алған жоқ, құрылғы дер кезінде тоқтатылды. Шамамен 15 литр аммиак төгілді, үш қызметкер аздап уланып қалды», - дейді департаменттегілер.

Зардап шеккендерді дәрігерлер тексеріп, амбулаториялық емделуге жіберді. Аммиак төгілген ғимарат желдетіліп жатыр.

«Кешке қарай өндіріс әдеттегі режимде қайта жандандырылады», - деп хабарлайды департамент.

ТЖ департаменті апаттың нақты қай кәсіпорында болғанын нақтыламай отыр.

0 пікір