Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 3975 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 16:47

Түркістанда аялдамалар жаңартылып жатыр

Түркістанда аялдамалар жаңартылып жатыр. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркістан қаласының орталығындағы аялдамадардың біраз бөлігін 2000 жылдары жеке кәсіпкерлер жалға алып, шағын сауда дүңгіршектерін ашқан болатын. Бір отбасының табыс көзіне айналған бұл орындар жолаушылар үшін де тиімді еді.

Десе де қазіргі күні тозығы жетіп, көнерген бұл орындарды қайта жаңғырту мақсатында жергілікті билік бастама көтерді. Осы бағытта жалға берілген аялдамадарды жаңарту үшін атқарушы орган өкілдері меншік иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс жасаған.

Нәтижесінде игі бастаманы қолдаған кәсіпкерлер өздері салған аялдамаларды бұзып, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту орнын мемлекетке қайтаруға бірауыздан үлестерін қосуда.

Бүгінгі таңда қала орталығындағы сәулеті келіскен аялдамалар жаңадан орнатылуда. Ерекшелігі сол, түнгі мезгілде де жарық беріп тұратын бұл орындарда көпшілік үшін ел көлеміндегі басты оқиғалар бейнеленген көрнекі құралдар орнатылған.

Айта кетейік, Түркілердің төл мекені – Түркістан!

Еліміздің рухани астанасы - ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекені.

Осы ежелгі қалада қазақтың хандары мемлекеттік істерді жүргізген. Қожа-Ахмет Яссауи мұражайында Абылай, Есім хан, Әбілқайыр хандар мен халқымыздың басқа да ардақты ұлдары жерленген Киелі жер.

Екінші Мекке атанған қасиетті Түркістанға зиярат етушілердің саны күн санап көбейіп келеді.

Дереккөзі: Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661